Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқасы туралы
Бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың, Парламент депутаттарының, Президент Әкімшілігі, Үкімет өкілдерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, Мәдениет және ақпарат министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ басшыларының қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті. Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед өз сөзінде министрліктің 2013 жылғы жұмысын қорытындылап, Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын жүзеге асыруда сала алдында тұрған міндеттерді атап өтті. Министрліктің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ділін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлері…