Мазмұнға өту
Maigul

Майгүл СҰЛТАН

@Maigul

Сайтта 2013 ж. 5 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

40

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

3

Қытай қазақ студенттері оюланған кітап қыстырғыш жасады

ҚЫТАЙ. 27 қазан. BAQ.KZ – Алып ел Қытайдағы қазақ студенттерінің басын қосқан «Қытай қазақ студенттері бірлестігі» жұмыс жасап келе жатқанын бұдан бұрын хабарлаған едік. Олардың жоспарында қазақы өнім жобалап шығуда бар екенін айтқан болатынбыз. Бірлестіктің алғашқы өнімі жақында жұртқа ұсынылды.


Қытай қазақ студенттері бірлестігінің шығарған алғашқы өнімі қазақы үлгідегі кітап қыстырғыш екен. Кітап оқығанда жалғастырып оқитын бетті бүктемеу үшін арнайы ықшамдалып жасалған қыстырғышқа қызығушылардың саны артуда. 
Бірлестік басшылары ою-өрнекпен әдіптелген кітап қыстырғышты жобалауда және оны базарға салуда «Сахара» сайтының да үлесінің зор болғандығын айтып қуанып отыр.

 

Майгүл СҰЛТАН

BAQ.KZ

0
0
944

Ыстамбұлға келіп Құрбан айтты қарсы алатын Париж қазақтарының қатары мол

АСТАНА. 26 қазан. BAQ.KZ – Бұл күнде Парижде тұратын 250-ге жуық қазақ отбасы ислам дінін берік ұстанып, ұлттық мерекелерді де өз деңгейінде тойлауға күш салып келеді. Парижде тұратын Құран Кәрімді қазақ тіліне тәржімалаған аудармашы, Алаш сыйлығының лауреаты Халифа Алтайдың ұлы Абдұлсамет Алтай ағамызды құттықтап хабарласқанымызда қандасымыз Құрбан айтты Ыстамбұлда өткізгенін айтты. «Құрбан айтты туыстарыммен бірге Ыстамбұлда өткіздім. Парижде құрбандық шалуға мүмкіндік бар. Алайда, өзіміз бауыздамаймыз. Қала әкімшілігінің белгілеген жерлерінен ғана құрбандық шалуға рұқсат берілген. Сондықтан онда тұратын қазақтардың көпшілігі Түркиядағы ағайын, туыстарына ақшасын жібереріп, өз аттарында мал шалдырып отырады. Париждегі қазақтар құрбан айтты жақсы қарсы алады. Олар Париждегі түрік мешітте…

0
0
456

Қытай Құрбан айтты тойлау үшін арнайы қаржы бөледі

ҚЫТАЙ. 25 қазан. BAQ.KZ – Биылғы Құрбан айтқа арналған концертті Қытайдағы қазақтар XJTV-3 арнасы арқылы ертең көре алады. Құрбан айт мерекесі Шыңжаң телеарнасының ұйымдастыруымен жыл сайын үш бөліп өткізіледі. Қазақ, ұйғыр, қытай ұлттары бірлесіп өткізетін концерт кешімен қоса онда қазақ және ұйғыр ұлттары да мерекелік концертті ұйымдастырып келеді. «Қытайдағы аз ұлттардың мәдениетін қорғау және қолдау» саясаты негізінде өткізіліп келе жатқан мерекелік шараның ішінде қазақ концертін ұйымдастыруды Қытайдағы қазақ тіліндегі телеарна XJTV-3 өз міндетіне алған. Биылғы жылғы концертке елімізден арнайы шақырылған «Шаншар» әзіл-сықақ театры мен «Қоңыр» тобының әншілері де өнер көрсетіп қайтты. Қытайдағы Құрбан айт концертінің қалай өткенін білу үшін «Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры Уәлиб…

0
0
1978

Айтыс тұңғыш рет ағылшын, қытай тілдеріне аударылды

АСТАНА. 22 қазан. BAQ.KZ - Жақында қазақтың атадан қалған арда өнері − айтыс Қытай қазақтары жағынан ағылшын және қытай тілдеріне аударылып, баспадан шықты. Шыңжаң өлкесіндегі қатысты басшылар мен ШҰАР Әдебиет, көркемөнер бірлестігінің және Жазушылар қоғамының қолдауында Шыңжаң жастар, өрендер баспасынан жарық көрген бұл жинаққа «Жақсы мен жаманның айтысы», «Біржан мен Сараның айтысы», «Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы», «Әсет пен Ырысжанның айтысы», «Сүйінбай мен Қатағанның айтысы», «Таңжарық пен Қойдымның айтысы», «Құрманбек пен Жамалқанның айтысы» сияқты қазақтың мысал айтыстары мен қазақтың танымал айтыстары енгізілген. Қытай қазақтарынан шыққан танымал аудармашы Қайша Тәбарәкқызы айтыстың қытайша бөлімін тәржімаласа, белгілі Қытай аудармашысы Сұң Жияншүн ағылшын тіліне аударды. Есте…

0
0
1186

Жанайдар Нұрсәлиев, «Керуен» дуэтінің жетекшісі: Ресейде тұрып орысшаны жетік білмейміз

– Жанайдар Ермекұлы, өздеріңіз тұратын қазақтар жиі қоныстанған аймақ жайлы айта отырсаңыз? – Біз Россияның таулы Алтайында тұрамыз. Сондағы Қосағаш ауылының тумасымын. Біздің ата-бабаларымыз Шығыс Қазақстан жақтан келген екен. Осыдан 120 жыл бұрын ауып келдік деп үлкендер айтып отырады. Сонымен қатар біз жақта Қытайдың Қанас көлі маңынан ауып келген ағайындар да кездеседі. Біз балаларымызбен де қазақша сөйлесеміз. Біздің Алтай республикасы Қосағаш ауданы Қосағаш ауылында 18 мың қазақ тұрады. Ондағы қазақтар тілін, дінін өте жақсы сақтаған. Барлық той-томалақ ұлтымыздың дәстүрлері бойынша өтеді. Жастардың арасында дінді дұрыс ұстанатындар қатары мол. Қазақ мектептері жоқ болғанымен, қазақ тілі пән ретінде кіреді. «Чүй нұры» атты қазақша газетіміз бар. Спутник арқылы «Астана» телеарнасын ғ…

0
0
977

Қытайда Құрбан айт концерті жыл сайын өтеді

ҚЫТАЙ. 19 қазан. BAQ.KZ - Шыңжаң телеарнасының ұйымдастыруымен жыл сайын үш бөліп өткізілетін Құрбан айт концерттік кеші 26 қазанда Қытайдағы көрермендермен көгілдір экранда жүздеседі,- деп хабарлайды Шыңжаң телеарнасының сайты. Қазақ, ұйғыр, қытай ұлттары бірлесіп өткізетін құрбан айт концерттік кешімен қоса қазақ және ұйғыр ұлттары жеке-жеке өткізетін Құрбан айт концерттік бағдарламасын «Қытайдағы аз ұлттардың мәдениетін қорғау және қолдау» саясаты негізінде Шыңжаң телеарнасы бірнеше жылдардан бері үзбей ұйымдастырып келеді. Айта кету керек, Қытайдағы Шыңжаң (XJTV) телеарнасының XJTV-3, XJTV-8 арналары қазақтарға тиесілі болса, XJTV-2, XJTV-5 және XJTV-9 арналары ұйғырларға бұйырған. Олар өз тілдерінде күндіз-түні хабар тарату және әр түрлі тақырыптарда телебағдарламалар жасау еркіндігі…

0
0
598

Алты тілді меңгерген қандасымыз «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды

АЛМАТЫ. 18 қазан. BAQ.KZ - Азаттықтың аң таңы Алаш жұртын ғана ақ жарма қуанышқа бөлеп қойған жоқ. Қазақ елінің тәуелсіздігін естіген алыстағы ағайын да бөрігін аспанға атты. Сөйтті де егемен елге дүркірей көшті. Осыдан 20 жыл бұрын Моңғолиядағы көшті Атажұртқа бастаған қазақ зиялыларының қатарында халықаралық журналист, саясаттанушы Досан Баймолда ағамыз да бар еді. Жақында Алматы қаласында өткен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 20 жылдығына арналған мерейтой кезінде Досан Баймолда Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды. Ұстамы жақсы ұстазды біз де әңгімеге тартқан едік. – Досан аға, әңгімемізді туған жер, өскен ортаңыздан бастасақ? – Мен Моңғолияның Баян-Өлг…

0
0
2236

Еуропада «Болашақтың» дайын балалары жүр

АЛМАТЫ. 16 қазан. BAQ.KZ – Шекарадан шеттеп қалған қазағымыз көрші елдерде жетіп артылады. Ал тарихтың тарпаңдығынан тағдырын сонау Еуропадағы елдермен байланыстырған қазақтар қаншама. Биыл сол 5000-ға жуық қандасымыздың Еуропа топырағына қоныстанғанына 50 жыл толды. Қытайдан Пәкістан және Үндістанды асып Түркияға жеткен қазақтардың алғашқы легі Германия мен Түркия арасында қол қойылған «Еңбек миграциясы» туралы келісім-шарт бойынша 1962 жылы Германияға қоныс аудара бастаған екен. Осы көштің алды Швеция, Франция, Австрия, Норвегия, Дания және Швейцарияға дейін жетсе, соңы Голландия, Ұлыбританияға орналасқан. Осы елдерде тұрып жатқан қандастарымыздан онға жуық қонақ жақында Алматыда өткен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 20 жылдық мерейтойына қатысты. Германияның Кельн қаласындағы 300-г…

0
0
669

Моңғолиялықтардың арманы «Баян-Өлгей – Қазақстан» ұшағына отыру

АЛМАТЫ. 11 қазан. BAQ.KZ – Ертең Алматы қаласындағы Ғылым ордасында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толуына орай Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастайды. Оған 20 елден келген қандасымыз қатысады. «Қазақстан» қонақ үйіне жайғасқан қонақтармен танысып, Моңғол еліндегі барша қазақтың атынан келген қонақтармен әңгімелесуге мүмкіндік алдық. Моңғолиядағы қазақ мәдениет орталығы Ұланбатыр бөлімшесінің бастығы Асай Рәмішұлы бастап келген этникалық қазақтардың ішінде белгілі жазушы, ғалым сұлтан Тәукейұлы, Моңғолия Парламент мүшесі Бәкей Ағыпарұлы, бизнесмен Күләнда, құрылыс саласының инженері Аәсира Камерияқызы, Қазақ әйелдерінің арулар одағының төрайымы Айнагүл Сарайқызы, жас ақын Жанат Боқашұлы бар. «Қай елде, қай жерде жүрсек те ойлайтынымыз болаша…

0
0
1389

Қытай қазақ студенттер бірлестігі бүкіл Қытайдағы қазақ студенттерінің басын қосуда

ҚЫТАЙ. 5 қазан. BAQ.KZ - Алып ел Қытайдағы қазақ студенттерінің басын қосқан «Қытай қазақ студенттері бірлестігі» жұмысын бастағанына бір жыл болды. Оның төрағасы, Қиыр шығыстағы Шандұң өлкесіндегі Қытай мұнай университетінің 3-курс студенті Ұлан Бағланұлымен сұхбатымызды ұсынамыз. – Ұлан, Қытай қазақ студенттер бірлестігін құру ойы қалай пайда болды? – Былтыр Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайы жайлы ақпараттарды Қытайдағы өзім сияқты жастар сондағы қазақ сайттарынан қалт жібермей қарап отырдық. «Бұл Құрылтайдың тағы бір ерекшелігі - оған жастар көп келіп отыр. Бұған дейінгі басқосуларға қарағанда бұл жолы Қазақстандағы және басқа елдердегі жастар мен жастар ұйымдарының, студенттер бірлестіктерінің көшбасшылары көптеп келді. Делегаттардың 60 пайызын 30 жасқа дейінгі жастар…

0
0
1516