Баһадүр Хакім, кино актері: Қазақ актерлеріне жетіспейтін нәрсе ол – еркіндік
– Баһадүр, ата-бабаларыңыз Түркияға қалай барған еді? – Менің ата-бабам XX ғасырдың соңында Семейден Қытайға қоныс аударған екен. Олар Қытайдың тыныш болмауынан Гималай тауларын, Пәкістанды басып өтіп 1953 жылы Түркияға келіпті. Мен 1978 жылы Измир қаласында туылдым. – Актерлікпен Түркияда маманданған болдыңыз ғой? – 2002 жылы ең алғаш мені Түркияның атақты режиссері Осман Сынап байқап өз сериалына шақырды. Онда қытайдың рөлін ойнадым. Осы жылы жазушы, режиссер Джем Иылмаз маған және бір рөл берді. Осылайша бірнеше сериалдарға қатыстым. Араштың бейне баянына да түстім. Осыдан бастап актерлікке қызығушылығым арта бастады. Қазір Синема актерлік шеберлігіне тәрбиелеу мектебінде оқып жатырмын. – Қазақстанның киноларын көресіз бе? – Иә, Қазақ елінің киноларын жиі көремін. Қазақ актерлеріне жет…