Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Словак Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юза Петер мырзамен кездесу өтті
Өз елін ұсына отырып, Елші қазіргі кезде Словакияның 5,5 миллион азаматының ішінде 12% жұмыссыздар болып табылатыны айтты. Словакияда көршілес Еуропа Одағы елдеріне еңбек миграциясының деңгейі едәуір жоғары. Өмір сүру деңгейінің (зейнетақының орташа көлемі 399 еуроны құрайды) және халықтың өмір сүру ұзақтығының жоғарылауына байланысты зейнеткерлік жасының 67 дейін ұзарту жоспарланып отыр. Мемлекетте міндетті зейнеткерлік жинақтау жүйесі, сонымен қатар медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істейді. Министр Т. Дүйсенова Словакиямен Қазақстанның зейнетақы жүйесінің ұқсастығын атап өтіп, Елшіге Қазақстанда (2017 жылдан) міндетті медициналық сақтандыруды және зейнетақы жүйесіндегі реформалардың, оның ішінде шартты – жинақтаушы компонентін (2018 жылдан жұмыс беруші 5% жарна) енгізілу жоспарланған…