Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгінгі Астана қаласының Ұлттық мұражай залында «Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру» республикалық форум өтті

Қазақстанда алғашқы рет қыркүйек айының ең соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» мерекесі аталып өтетін болады.

Аталған мерекенің басты мақсаты – Мемлекет басшысының Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру шеңберіндегі өндіруші еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсібін насихаттау және жұмысшы әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту болып табылады.

Іс–шараның ұйымдастырушысы ретінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Кәсіподақ Федерациясы және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шығады. Аталған күнге орай республиканың барлық өңірлерінде бірқатар мерекелік іс-шаралар өтті. Мысалы: Қызылордадағы еңбекшілер әулеті форумы, Өскемендегі жұмыс берушілер конгресі және «Өз ісінің үздігі» конкурсы, Талдықорған, Шымкент, Павлодар және т.б. қалалардағы «Еңбек адамы» конкурсы.

Мерекенің қарсаңында 2014 жылы 26 қыркүйекте Астана қаласының Ұлттық мұражай залында «Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру» республикалық форум өтеді. Форумға қатысу үшін еліміздің барлық аймағынан 226 делегат келеді.

Форумның барысында Қазақстанның экономикасының дамуына және нығайтуына қосқан өзінің елеулі үлестері үшін:  тау-кен кешені, көмір өнеркәсібі; мұнай газ кешені; машина жасау; білім беру; денсаулық сақтау; ауыл шаруашылық; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс; электроэнергетика;  қоғамдық қызмет  саласындағы жұмысшыларға құрмет көрсетілетін болады.

Марапатталатындар тізімі:

- электроэнергетика – Ысқақов Кежек Бершенұлы, зейнеткер;

- көмір өнеркәсібі - Клякин Владимир Викторович;

- ауыл шаруашылық – Мусин Амантай Негматұлы;

- тау-кен кешені - Петухов Владимир Николаевич;

- мұнай-газ кешені – Мұқашев Қазанғап Тынышқалиұлы;

- машина жасау – Перфилов Александр Иванович;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс – Бородин Александр Сергеевич;

- білім беру – Керімбаева Майя Сапарбекқызы;

-  денсаулық сақтау - Сейсенбаева Ақбұрыш;

-  қоғамдық қызмет саласы – Аметова Зәуре Нұғыманқызы;

Түрлі саладағы үздік мамандар «Еңбек ардагері» медалімен марапатталады, бұл ведомстволық марапаттаулар экономиканың әр түрлі саласында жұмыс жасайтын және зейнеткерлік жасына жеткен, жалпы еңбек өтілі бар  жұмысшыларды марапаттау болып табылады. Аталған іс-шараға 14 облыстардың, Астана және Алматы қалалары өкілдері, кәсіподақ қозғалысының көшбасшылары, бизнес бірлестіктерінің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

 
0
0
347

Осы тақырып бойынша

Бүгінгі Астана қаласының Ұлттық мұражай залында «Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру» республикалық форум өтті - Yvision.kz