Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астанада Эстония, Словения, Венгриядан келген мамандардың қатысуымен қаржыландыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін нығайту бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының Флагман курстары өтуде

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында институционалдық реформалар жүргізу және технологиялар беру» жобасы шеңберінде 2014 жылғы 22-25 қыркүйек аралығында Астанада қаржыландыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін нығайту жөнінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының Флагман курстары өтуде.

Флагман курстары 1997 жылдан бері өткізіліп келеді. Алғашқы курстар Вашингтонда (АҚШ), сосын Будапеште (Венгрия), Бішкекте (Қырғызстан), Барселонада (Испания) өткізілді.

Қазақстанда өткізіліп жатқан курстар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және өзге де мемлекеттік органдардың әлеуетін арттыруға бағытталған. Оның ішінде денсаулық сақтау саясатын қалыптастыру, қаржыландыруға қатысты стратегияны анықтау және қызмет нәтижелерін мониторингілеу, жоспарлау құзіретін күшейту, республикалық және өңірлік деңгейде бюджет және сатып алу қызметін қалыптастыру сияқты мәселелер бар.

Курс бағдарламасында техникалық (оқыту) бөлім және денсаулық сақтау саясаты саласында елеулі тәжірибесі бар сарапшыларды тарту арқылы күн тәртібіндегі барынша өткір мәселелер бойынша пікір алмасу бар.

Ирландия, Испания, Эстония, Словения, Венгриядан келген жаттықтырушы-кеңесшілер өз таныстырылымдарын және үлгілерін ұсынады.

Панельдік дискуссия өткізу барысында денсаулық сақтау жүйесін бағалаудағы әдістер, денсаулық сақтаудың қаржылық үлгілері, әлеуметтік медициналық сақтандыру үлгілері, қызмет жеткізушілер мен төлеушілермен өзара іс-қимыл қағидалары, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің экономиканың басқа салаларына тигізетін әсері қаралатын болады.

 
0
0
248

Осы тақырып бойынша

Астанада Эстония, Словения, Венгриядан келген мамандардың қатысуымен қаржыландыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін нығайту бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының Флагман курстары өтуде - Yvision.kz