Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстан Республикасының аумағында бүкіл Еуропа өңіріндегідей барлық жерде тұмау және ЖРВИ-дың тіркелуі байқалады.

Эпидемиялық маусым басталғаннан бері 10 ақпанға 410 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы, оның ішінде 2004 тұмау жағдайы тіркелді.

ЖРВИ-мен сырқаттанған адамдардың негізгі үлесін (65 %) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Барлық ЖРВИ-мен сырқаттанғандар ішінде оқушылардың үлес салмағы 20%-ды, тұмаумен сырқаттанғандар ішінде 14%-ды құрады.

Өткен аптада бүкіл халық бойынша тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың апталық эпидемиялық деңгейден артуы байқалмайды.

Шұғыл эпидемияға қарсы іс-шараларды қабылдау мақсатында 1 желтоқсаннан бастап ҚР халқының жіті респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттанушылығының жағдайына және тұмау вирусының айналымына күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Халық топтары арасында сырқаттанушылық құрылымын ескере отырып және оқушылар арасында ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттанудың өсуін алдын алу мақсатында ТҚҚК аумақтық бөлімшілерінің ұсынымдары бойынша эпидмаусымнан бастап білім басқармалары 26 тәрбиелеу және білім беру мекемелерінде оқу процесі тоқтатты, 10 ақпанға барлық мекемелерде оқу процесі қайта басталды.

Анықтама ретінде. Ресей Федерацияда мектепке дейінгі жастағы балалар және мектеп оқушыларының сырқаттануын есепке алып 58 субъектіде 2258 мектеп, 47 субъектіде 569 бала бақша, 16 субъектіде 75 мектеп-интернат және 10 субъктіде 74 колледж жабылды, жартылай 1410 мектепте 4570 сынып және 1271 мектепке дейінгі мекеменің 2121 топ, 5 мектеп-интернаттың 21 сынып, 7 колледжінің 45 тобы жабылды.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=7112

0
0
652

Осы тақырып бойынша

ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай - Yvision.kz