ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстан Республикасының аумағында бүкіл Еуропа өңіріндегідей барлық жерде тұмау және ЖРВИ-дың тіркелуі байқалады.
Эпидемиялық маусым басталғаннан бері 27 қаңтарға 350 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы, оның ішінде 1611 тұмау жағдайы тіркелді.
ЖРВИ-мен сырқаттанған адамдардың негізгі үлесін (65 %) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Барлық ЖРВИ-мен сырқаттанғандар ішінде оқушылардың үлес салмағы 20%-ды, тұмаумен сырқаттанғандар ішінде 13%-ды құрады.
Өткен аптада бүкіл халық бойынша тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың апталық эпидемиялық деңгейден артуы байқалмайды.
Шұғыл эпидемияға қарсы іс-шараларды қабылдау мақсатында 1 желтоқсаннан бастап ҚР халқының жіті респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттанушылығының жағдайына және тұмау вирусының айналымына күнделікті мониторинг жүргізіледі.
Халық топтары арасында сырқаттанушылық құрылымын ескере отырып және оқушылар арасында ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттанудың өсуінің алдын алу мақсатында ТҚҚК аумақтық бөлімшілерінің ұсынымдары бойынша білім басқармалары 10 тәрбиелеу және білім беру мекемелерінде, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 3 мектепте, Қостанай облысында 1 мектепте және Солтүстік Қазақстан облысында 1 бала бақшада, 5 мектепте, оның ішінде екі мектептің жекелеген сыныптарында оқу процесін уақытша тоқтата тұру түрінде шектеу іс-шараларын енгізді.
Анықтама ретінде. Ресей Федерацияда мектепке дейінгі жастағы балалар мен мектеп оқушыларының сырқаттануын есепке ала отырып 911 мектеп, 108 бала бақша, 57 мектеп-интернат және 19 жоғары оқу орындары жабылды, жартылай 578 мектепте 1563 класс, 485 мектепке дейінгі мекеменің 659 тобы, мектеп-интернаттың 3 класы, колледжінің 5 тобы және жоғары оқу орнының 80 тобы жабылды.
http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/sanepidem_obstanovka/?cid=0&rid=6943
