Қазақстан Республикасында ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың төмендегені байқалады
Өткен аптамен салыстырғанда Қазақстан Республикасында ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың төмендегені байқалады.
Эпидемиялық маусым басталғаннан бері ағымды жылдың 13 наурызға 500 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы, оның ішінде 2360 зертханалы дәлелденген тұмау жағдайы тіркелді. ЖРВИ-мен сырқаттанған адамдардың негізгі үлесін (65 %) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. ЖРВИ-мен сырқаттанғандардың 20% оқушылар. Өткен аптада бүкіл халық және аумақ бөлінісінде тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың апталық эпидемиялық шегінен арту байқалған жоқ, өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 24% азайған. Тұмау вирустардың моллекулярлы-генетикалық зерттеу нәтижесі бойынша ҚР A/H3N2(Гонк Конг) және В (Брисбен) тұмау вирустарының айналымы анықталды, олар ағымдағы эпидемиялық маусымға арналған вакцинаның құрамына енгізілген. Оқушылар арасында ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың өсуін алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық бөлімшілерінің ұсынымдары бойынша эпидмаусымнан бастап, алдын алу мақсатында білім басқармалары 20 мектеп және 7 мектепке дейінгі мекемеде оқу процесін тоқтатты.
