Мазмұнға өту
Green-bridge1

Green-bridge1

Сайтта 2015 ж. 10 қыркүйекКазахстан, Астана

Программа партнерства "Зеленый мост"

рейтинг

100

жазбалар

844

пікір

1

тіркелуші

13

жазылымдар

193

Астана қаласының әкімі жалпықалалық сенбілікке қатысты

Published 22.09.2015 24.kz Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков «Біз – таза қала үшін» жалпы қалалық сенбілікке қатысты.Елорда әкімі сенбілік өткізудің маңыздылығына тоқталып, қала тұрғындарын тазалық сақтауға шақырды. Қаланың тазалығын сақтау әрбір астаналықтың өмір сүру дағдысына айналу керектігін атап өтті. - Экологиялық сенбілік өзінің тікелей мақсатынан бөлек басқа да маңызды мәселелерді қамтиды. Шара «Бұл – менің қалам. Мен өз қаламды таза әрі көрікті етемін!» деген ұстанымдағы адамдарды біріктіреді. Және олардың қатары күннен-күнге артуда. Сондықтан да біздің қала күн өткен сайын таза әрі көрікті бола түсуде.Астана іс жүзінде елордалық мәдениеттіқалыптастыруда,- деді Ә.Жақсыбеков. Сенбілікке алғаш рет 100 мыңға жуық адам қатысуда, сонымен қатар 450-ден астам техника жұмылдырды…

0
0
441

Г.Әбдіқалықованың Токиоға жасаған жұмыс сапарының қорытындысы

Қазақстан мен Жапония мемлекетаралық ынтымақтастықты жалғастырып, білім беру, денсаулық сақтау, жоғары технологиялар саласында, сонымен қатар ғаламдық жобаларды іске асыруда өзара тәжірибе алмасуға көшеді. Гүлшара Әбдіқалықова Токиоға жасаған жұмыс сапары кезінде түрлі министрлік басшыларымен осы мәселелерді талқыға салды. Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Токиоға премьер-министр Синдзо Абэнің жеке шақыруы бойынша келді. Бұған Дүниежүзілік конференцияның өтуі түрткі болған. Алқалы жиынды жапон үкіметі нәзікжандылардың мәртебесін көтеру мақсатында жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырған. Жоғары қарқында дамыған Жапонияда гендерлік теңдік тақырыбының мемлекет қолдауына ие болғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Бүгінде Токио қыз-келіншектерге деген көзқарасты қайта қарауға ниетті әрі қазақстанды…

0
0
288

10 компания жасыл құрылысқа өз өнімін ұсынды

Published 21.09.2015 khabar.kz Энергия тиімділігін арттыратын құрал орнату арқылы кез келген тұрғын үй жылына 4,5 млн теңгеге дейін үнемдей алады. Ресейден келген компания өкілі «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» жанындағы Техникалық кеңесінің отырысында осылай деді. Осымен үшінші рет өткізіліп отырған жиынға Ресей, Оңтүстік Корея елдерінен құрылыс саласында озық технологиясын ұсынып отырған 10 мекеме қатысты. Жалпы қор жанынан құрылған техникалық қызметтің мақсаты – құрылыс саласындағы инновациялық технологиялар жөнінде ұсыныстар әзірлеу және «Жылжымайтын мүлік қоры» қаржыландыратын объектілерді озық құрылыс материалдарымен жабдықтау. Мархаббат Балғабай, Инновациялық даму мен қазақстандық өнім департаментінің директоры -Техникалық кеңес көптеген шетелдік және жергілікті компаниялар…

0
0
289

Астанада «Қазақстан-Корея достық бақшасы» ашылады

Published 21.09.2015 24.kz Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді. Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, Астана қалалық әкімдігінің халықаралық серіктестік бөлімі өкілдері мен Корей Республикасының орман шаруашылығы қызметі өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан-Корея достық бақшасын» ашу туралы келіссөздер жүргізілді. Аталған жобаны Корей Республикасының 1 млн доллар көлеміндегі инвестициялық қаржысы есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Достық бақшасын құру мақсаты серіктестікті нығайту және халықаралық ЕХРО-2017 көрмесін өткізу кезінде қала тұрғындары мен қонақтарының демалыс орындарын дамыту болып табылады. Кеңес қорытындысы бойынша, Астана қаласының әкімдігі мен Корей Республикасының орман шаруашылығы қызметі арасында «Қазақстан-Ко…

0
0
345

“Жасыл квартал” кешені

Published 14.09.2015 www.nur.kz «Экспо-2017» көрмесі қарсаңында Астанада бірнеше әсем ғимарат салынуда. Солардың бірі “Жасыл квартал” тұрғын үй кешені. «Жасыл квартал» ауданының жалпы құны 44 млрд теңге және жалпы аумағы 188 мың шаршы метр болады. Бұл ауданда тұрғын үйлермен қатар, әкімшілік ғимараттар да салынады. «Жобаның құрылысы басталып кетті десе де болады. Бірден айтайын, «жасыл квартал» ауданындағы тұрғын үй әлеуметтік болмайды. Тұрғын үй өте қымбат, шамамен бір шаршы метрі 2 мың доллардан асады», — дейді Палымбетов. Басқарма төрағасының айтуына қарағанда, 2017 жылы аяқталатын «Жасыл орам» жобасының жалпы аумағы 180 мың шаршы метрді алады. Сонымен қатар, орамдағы әрбір нысанның, әрбір ғимараттың экологиялық паспорты болады. «Бұл әлеуметтік баспана емес екенін бірден айта кетейін.…

1
0
620

Жаңа климаттық келесімге ҚР-ның INDС талкыланды

Published 10.09.2015 Дереккөз: www.green-academy.kz Үстіміздегі жылдың 20, 22 шілдесінде Астана қаласында ҚР Энергетика министрлігі «Жасыл Академия» Ғылыми білім беру орталығымен бірлесіп, Климаттың өзгеруін ұстап тұру жөніндегі USAIDқазақстандық бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылған парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша (INDС) ұлттық міндеттемелер жобасын талқылау мақсатында энергетика, мұнай-газ, орман, көлік секторлары өкілдерінің қатысуымен консультациялық мәжілістер өткізді. Қазіргі уақытта Энергетика министрлігінің жұмысшы тобы жаңа климаттық келісім бойынша БҰҰ РКИК конференциясына 2020 жылдан соң шығарындыларды азайту бойынша ұлттық болжамын дайындап жатыр. Осыған байланысты мәжілісте энергетика, ТКМК, мұнай-газ, орман, және көлік секторында 2030 жылға дейін парникті…

1
0
399