Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңа климаттық келесімге ҚР-ның INDС талкыланды

Дереккөз: www.green-academy.kz

48689e827932dc70ec0a6e6067e8a72b_LҮстіміздегі жылдың 20, 22 шілдесінде Астана қаласында ҚР Энергетика министрлігі «Жасыл Академия» Ғылыми білім беру орталығымен бірлесіп, Климаттың өзгеруін ұстап тұру жөніндегі USAIDқазақстандық бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылған парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша (INDС) ұлттық міндеттемелер жобасын талқылау мақсатында энергетика, мұнай-газ, орман, көлік секторлары өкілдерінің қатысуымен консультациялық мәжілістер өткізді.

Қазіргі уақытта Энергетика министрлігінің жұмысшы тобы жаңа климаттық келісім бойынша БҰҰ РКИК конференциясына 2020 жылдан соң шығарындыларды азайту бойынша ұлттық болжамын дайындап жатыр. Осыған байланысты мәжілісте энергетика, ТКМК, мұнай-газ, орман, және көлік секторында 2030 жылға дейін парниктік газдар шығарындыларының болжамы талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар 2016–2020 жылдарға арналған парниктік газдар шығарындыларына квота бөлудің ұлттық жоспарының жобасын талқылады.

Мәжілістердің ашылуында ҚР Энергетика министрі В. Школьник мырзажәне«Самұрық-Энерго» құттықтау сөз сөйледі. Ол парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша (INDС) ұлттық міндеттемелер және парниктік газдар шығарындыларына квота бөлудің ұлттық жоспарының жобасын бизнеспен, халықаралық ұйымдармен және ҮЕҰ өкілдерімен талқылаудың маңыздылығын ерекше аттап өтті.

Дөңгелек үстелдің модераторы – ҚР Президенті жанындағы «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО директоры, э.ғ.д., профессор Б. Есекина болды. Баяндамалар бойынша презентация жасағандар: Жоғары экономика мектебінің Қоршаған орта және табиғи ресурстар экономикасы орталығының директоры (РФ) Г. Сафонов және Климаттың өзгеруін бір қалыпта ұстау жөніндегі USAID қазақстандық бағдарламасының басшысы (KCCMP) А.Г. Санковский.

Жиынның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі кеңестің ағымдағы жылдың қыркүйегінде өтетін кезекті мәжілісінде талқылау үшін ҚР-ның парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша ұлттық міндеттемелерінің және 2016–2020 жылдарға арналған парниктік газдар шығарындыларына квота бөлудің ұлттық жоспарының жобаларын жұмысшы топқа бизнес өкілдерінің қатысуымен әзірлеу тапсырылды.

 
1
0
399

Осы тақырып бойынша

Жаңа климаттық келесімге ҚР-ның INDС талкыланды - Yvision.kz