Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астана қаласының әкімі жалпықалалық сенбілікке қатысты

24.kz

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков «Біз – таза қала үшін» жалпы қалалық сенбілікке қатысты.
Елорда әкімі сенбілік өткізудің маңыздылығына тоқталып, қала тұрғындарын тазалық сақтауға шақырды. Қаланың тазалығын сақтау әрбір астаналықтың өмір сүру дағдысына айналу керектігін атап өтті.

- Экологиялық сенбілік өзінің тікелей мақсатынан бөлек басқа да маңызды мәселелерді қамтиды. Шара «Бұл – менің қалам. Мен өз қаламды таза әрі көрікті етемін!» деген ұстанымдағы адамдарды біріктіреді. Және олардың қатары күннен-күнге артуда. Сондықтан да біздің қала күн өткен сайын таза әрі көрікті бола түсуде.Астана іс жүзінде елордалық мәдениеттіқалыптастыруда,- деді Ә.Жақсыбеков.

Сенбілікке алғаш рет 100 мыңға жуық адам қатысуда, сонымен қатар 450-ден астам техника жұмылдырды.

Экологиялық айлық аясында Астанада қала аумағын санитарлық тазарту, көшелер, тротуарлар мен аулаіші аумақтарын тазалау жүргізіліп, ағаш отырғызылды. Сонымен қатар, жаңбыр суы желілері мен арық-науа құбырлары тазартылып, саябақтар мен гүлбақтардағы жасыл көшеттерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар жүргізілді, заңсыз қоқыс орындары мен ластанған учаскелер жойылды.

Сенбілік кезінде астаналықтар тал, үйеңкі, қарағай, шырша, шегіршін, теректердің 4 мыңға жуық түбін отырғызды. Сондай-ақ, мектеп, балабақша, медициналық мекемелердің аумақтарында 3 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Сенбілік барысында астаналықтар жалпы саны 8 мыңнан астам ағаш отырғызды.

Шара аясында студенттер, волонтерлар мен әскерилердің қатысуымен Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің арнасы мен жағасын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазарту бойынша экологиялық акциялар өткізілді.

Еске сала кетейік, 7 қыркүйек-7 қазан аралығында елордада Астана қаласы аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша күзгі экологиялық айлық өткізілуде.

 

http://gbpp.org/kz/2015/09/7414

0
0
440

Осы тақырып бойынша

Астана қаласының әкімі жалпықалалық сенбілікке қатысты - Yvision.kz