Сауд Арабиясы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға ниетті
Сауд Арабиясы елімізде өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға ниет білдірді.
Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Сауд Арабиясының Төтенше және өкілетті Елшісі Горм Саид Малхан хабарлады. Сауд Арабиясы мұнайды экспортқа шығаруда әлем бойынша басты елдердің бірі бола тұра, энергияның балама көздерін пайдалануға қатысты зерттеу жұмыстарына белсенді түрде инвестиция жасайды. Бұл бастамалардың болашақта берері мол деп отыр мамандар. Елші жуық арада көрмеге қатысу ниетін ресми құптайтындығын жариялады. Бүгінде 48 елмен 7 халықаралық ұйым осындай тақылеттес өз ниеттерін білдірген.
http://gbpp.org/kz/2015/09/7682
