Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Депутаттар сенбілікке шықты

Астанада жалпықалалық сенбілік өтті.

Қала басшысы Әділбек Жақсыбеков бастаған әкімдік қызметкерлері көше тазалап қана қоймай, ағаштың бірнеше түрін отырғызды. Сенбілікке Астана бойынша мыңға жуық адам атсалысып жатыр. Олардың арасында Сенат пен Мәжіліс депутаттары да бар. EXPOқұрылысы маңында екі жүзден астам қайың мен шырша отырғызған халық қалаулылары, қаланы көгалдандыруға үлестерін қосты. Осылайша, қала бойынша әртүрлі мекеме аумақтарында 8 мыңға жуық ағаш отырғызылған.

Әділбек Жақсыбеков, Астана қаласының әкімі:

- Осындай шаралар бізге біріншіден, тәрбие үшін керек. Әр адам осындай сенбілікке қатысып, елмен бірге жұмыс істеп ертең қаладағы тазалықты сақтауға тырысады. Сүйікті қаламызды таза ұстауымыз керек.

Бірғаным Әйтімова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Жұмыспен тәрбиеленіп өстік қой. Сондықтан да осы жұмысқа барлығымыз бірауыздан келіп, қаламызды жасылдандыру саясатына көмектесіп жатырмыз. Елбасының жасылдандыру саясаты бүгінгі жаһандық күн тәртібіне келіп тұр.

Азамат Әбілдаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Сенбілік менің ойымша, керемет өтіп жатыр. Өйткені мұндай мүмкіндік бізде күнде бола бермейді. Жастық шағымыздағыдай, ауылдағыдай күнде жұмыс істеп жатырмыз. Осың үстіне сүйікті қаламыз Астананы гүлдендіруге атсалысып жатырмыз.

 

http://gbpp.org/kz/2015/09/7502

0
0
515

Осы тақырып бойынша

Депутаттар сенбілікке шықты - Yvision.kz