Мазмұнға өту
Green-bridge1

Green-bridge1

Сайтта 2015 ж. 10 қыркүйекКазахстан, Астана

Программа партнерства "Зеленый мост"

рейтинг

100

жазбалар

844

пікір

1

тіркелуші

13

жазылымдар

193

Үндістанда күн сәулесінің қуатымен жүретін пойыз шығарылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Таяу жылдарда Үндістан теміржолдарымен күн сәулесінің қуатымен жүретін пойыз жүйткитін болады. Бұл туралы Индияның ғылым және технология министрі Харш Вардхан айтты, деп хабарлайды ТАСС.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа технология бойынша жасалып жатқан пойызды Integral Coach Factory вагон шығаратын компаниясы мен Ченнаидағы (елдің оңтүстігіндегі Тамилнад штатында орналасқан) Үндістан технология институты (IIT Madras) бірлесіп құрастырып жатыр.

Күннен қуат алатын тақтайшалар әр вагонға орнатылатын болады. Алғашқы кезеңде ол пойызға қажет энергияның 15 пайызын қамтамасыз ете алады. Ал пойыз тоқтап тұрған уақытта өндірілетін энергия ұлттық желіге жіберіліп отырады екен.

http://gbpp.org/kz/2015/10/10295

1
0
287

Жасыл құрылысқа өз өнімін 10 компания ұсынды.

Энергия тиімділігін арттыратын құрал орнату арқылы кез-келген тұрғын-үй жылына 4,5 млн-ға дейін қаражат үнемдей алады. Ресейден келген компания өкілі «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» жанындағы Техникалық кеңесінің отырысында осылай деді. Осымен үшінші рет өткізіліп отырған жиынға Ресей, Оңтүстік Корея елдерінен құрылыс саласында озық технологиясын ұсынып отырған 10 мекеме қатысты. Жалпы қор жанынан құрылған техникалық қызметтің мақсаты – құрылыс саласындағы инновациялық технологиялар жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Жылжымайтын мүлік қоры қаржыландыратын объектілерді озық құрылыс материалдарымен және жабдықтармен қамтамасыз ету. Мархаббат БАЛҒАБАЙ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ МЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНІМ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: - Техникалық кеңес көптеген шетелдік және жергілікті компаниялардың а…

1
0
203

«ЕХРО-2017» көрмесінің нысандары жоспардан жылдам салынуда

«ЕХРО-2017» көрмесінің нысандары жоспардан біршама жылдам салынуда. Құрылыс алаңында болып қайтқан Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес осылай деді. Ол халықаралық көрме бюджетіне дағдарыстың еш әсері тимегендігін атап өтті. Сондай-ақ, Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы: «ЕХРО-ның жаңа басшылығы көрмеге дайындықты үздіксіз жүргізуде. Осының арқасында жұмысты кестеден кешіктірмей орындау мүмкін болды»,- дейді. Висенте ЛОССЕРТАЛЕС, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ БЮРОСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ: Әрине, біз «ЕХРО-2017» көрмесі басшылығының өзгергенін естігенде қатты алаңдаушылық білдірдік. Алайда бұл істі Мемлекет басшысы өз бақылауына алды. Басшылық өзгергеннен кейін келіп, жұмыс барысымен таныстық. Жұмыс тиімді жүргізілуде. Сондықтан мұндай жағдай қайталанбайды деген сенімдеміз. Рап…

1
0
332

«Жасыл экономика» – жаңа технология

Елімізде EXPO көрмесіне дайындық жұмыстары бас­талып кетті. 2017 жылға белгіленген халықаралық көрмені ұйымдастыру үшін арнайы ұлттық компания да құрылып, оның басшылығына Талғат Ермегияев тағайындалды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өткені белгілі. Осы алқалы жиында Елбасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өткізілетін Қа­зақс­танның елордасы таза, энергия тұтыну жағынан ти­імді, «жасыл» қалаға айналуы керектігін атап өтті. Жалпы 2017 жылы халықаралық «ЭКСПО» көр­ме­сін өткізетін орын ретінде Астананың таңдалуы – елімізге үлкен абырой әкелді. Бұл Қазақ елінің тәу­ел­­сіз­­дік­ жыл­да­рын­да­ғы­ ең үлкен жетістігі ретінде ба­­ға­­ла­нып­ отыр. «ЭКСПО– 2017» көрмесінің елі­міз­ге әкелетін пай­да­сы­ да қомақты болмақ. Бұл ту­­ра­­лы­…

1
0
851

Елбасы «Көксу» қосалқы шаруашылығында болды

Қысы қатаң, жері шөлейт, жасыл желек шығуы қиын Қызылорда да бүгінде экзотикалық бақ өсіп тұр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сыр еліне жасаған жұмыс сапары барысында тәжірибелік тәлімбақтың алғашқы өнімдеріне баға берді. Бұл өңірдің бренді болып қалыптасқан тізімге ақ күріш пен қара алтын ғана емес, енді мандарин мен Алматы апорты да қосылмақ. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сыр өңіріне жасаған жұмыс сапары аясында Қызылорда облысы әкімдігімен аймақтың ахуалдық орталық қызметімен де танысты. Мұндағы жобаның басты мақсаты – әкімдік қызметінің тиімділігін заманауи ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру. Ахуалдық орталық макроэкономикалық көрсеткіштерді болжау, қаржы, демография, қоғамдық саяси ахуалды талдау қызметін атқарады. Орталықта жұмыс істейтін 21 маманны…

1
0
564

Қазақстан ауаға парниктік газдарды шығару мөлшерін азайтпақ – энергетика министрі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан ауаға парниктік газдардың мөлшерін әлемдік көрсеткіштен екі есеге жуық көп шығарады. Бұл туралы бүгін Астанада осы саладағы заңнаманы жетілдіру тақырыбына арналған дөңгелек үстелде ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті. «Қазақстан ауаға көмірқышқыл газдардың мөлшерін жан басына шаққанда әлемдік көрсеткіштен екі есеге жуық көп шығарады. Бұл мәселе өз кезегінде ауаны ластау деңгейін төмендетудің жаңа жолдарын іздеуді міндеттейді», – деді ол. Оның айтуынша, климаттың өзгеруіне байланысты Қазақстан ауаға тасталатын зиянды газдарды төмендетуді өзінің басты мақсаттарының бірі ретінде қарастырып отыр. Қазіргі уақытта біздің еліміз климаттың өзгеруі және ауаны ластауды азайту бағытындағы жұмысты халықаралық және әлемдік ұйымдармен бірлесе отырып атқару…

1
0
201

ЕХРО Алматысыз өте алмайды – Есімов

Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен “Астана ЭКСПО-2017″ ұлттық компаниясы” АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов меморандумға қол қойды, құжатта әлемдік көрмеге дайындық шеңберіндегі серіктестіктің негізгі бағыттары көрсетілген, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шаһарда EXPO-2017 көрмесін ұйымдастырудағы серіктестік бойынша форум өтті. Форум аясында алматылық тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды, онда 40-тан аса компания өз өнімдерін көрсетті – құрылыс материалдары, құрал-жабдықтар мен арнайы техникалар, жиһаз, киім-кешек, жәдігерлік бұйымдар. Айта кетейік, қол қойылған бұл меморандум алматылық өндірушілерге өз өнімдерін нысандардың құрылыс жұмыстары барысында және көрме кезінде жеткізу бойынша ұзақ мерзімді келісімшарт жасасуға мүмкіндік береді. “Біз Президенттің не дегенін…

1
0
243

IRENA ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады

IRENA бас директоры Аднан Амин ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаевпен Әбу-Дабиде 12 қазан күні өткен кездесуінде айтты, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі. «Оны растау үшін А.Амин Р.Жошыбаевқа ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке бағытталған хат жолдады. Кездесуде Қазақстанның халықаралық ұйыммен қарым-қатынасы, ірі халықаралық алаңдарда көрменің тақырыбын насихаттау бойынша бірлескен кешендік шараларды өткізу байланыстары талқыланды. Дәл осы күні Р.Жошыбаев БАӘ сыртқы істер министрлігінің орынбасары Ахмад әл-Джерманмен кездесу өтті. А.әл-Джерман әмірлік тарапы жақын арада Қазақстан үкіметімен екіжақты инвестицияны қорғау келісіміне қол қоюға дайын екенін айтты. Тараптар визасыз жүріп тұру келісімінің хаттамасын бекітуге қол жеткізді. http://gbpp…

1
0
175

Оқушылар дайындаған бұйымдар «ЭКСПО-2017» көрмесіне қойылады

Шығысқазақстандық балақайлардың қолөнер бұйымдары «ЭКСПО-2017» көрмесіне қойылады. Көкпекті ауданының Самар ауылы шығармашылық үйі оқушыларының киізден жасаған бірнеше туындылары Астанада өткен республикалық байқауда көпшілікті таңқалдырып, бас жүлдені жеңіп алған. Енді бұл бұйымдар 2 жылдан кейін шетелдік қонақтарға көрсетілмек. Шығармашылық үйінің ашылғанына биыл 65 жыл. Мұнда 10-нан астам үйірме бар, оған 200-ден астам бала қатысады. Оқушылар ағаштан ою ойып, кесте тігеді, мүсіндер жасайды. Сондай-ақ бұл орталықтың өзіндік қуыршақ театры да бар. Ал кейіпкерлерге киімді өзіміз тігеміз дейді самарлық оқушылар. Галина Штукерт, шығармашылық үйі директорының орынбасары: - Біздің балалар қашанда ізденіс үстінде жүреді. Әркім өзінің жүрегіне қай үйірме жақын соны таңдайды, арасында ұжымдық жұ…

1
0
460