Мазмұнға өту
Green-bridge1

Green-bridge1

Сайтта 2015 ж. 10 қыркүйекКазахстан, Астана

Программа партнерства "Зеленый мост"

рейтинг

100

жазбалар

844

пікір

1

тіркелуші

13

жазылымдар

193

«Жасыл» экономикаға өтудің құралы – «Жасыл өткел» әріптестік бағдарламасы

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған «Жасыл өткел» әріптестік бағдарламасы республикамыздың «жасыл» экономикаға өтуінің бірден бір құралы, дейді Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-сараптау орталығының Бас директорының орынбасары Людмила Шабанова. Сеулдің бастамасымен қолға алынған «Жасыл өткел» бағдарламасы «жасыл экономиканы» нығайту жолында бірқатар міндеттер жүктеді. Нәтижесінде саяси-консультативтік форумдар өткізіріп, осы мақсатта жобалар қолға алынды. Бағдарламаның негізгі мақсаты Еуропа, Азия мен Тынық мұхит елдері арасында байланысты жақсарта отырып, экологиялық бекемдікті сақтау, тұрақты дамуға мұрындық болатын «жасыл» экономиканың ағымдағы мыңжылдықта қалыпты өрлеуіне жағдай жасау. Қазіргі таңдағы климаттың өзгеруімен байланысты, энергетикалық мәселелер мен ай…

1
0
378

Швеция Астанада өтетін EXPO көрмесіне қатысуға дайын

Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары, EXPO-2017 көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаевтың сол елге жасаған жұмыс сапарында мәлім болды. Швед елі EXPOкөрмесі үшін 1,5 миллион еуро бөлген. EXPO-2017 көрмесінің комиссары Рапиль Жошыбаевтың Швецияға жұмыс сапарымен баруы бекер емес. Өйткені бұл мемлекетжасыл технология саласында көш бастаушы елдердің бірі. Келер жылы олар жаңартылған энергия көзіне толықтай көшіп, қалған 3 атом электр стансасын жауып тастамақ. Бұл мақсатқа шведтер 546 миллион доллар инвестиция жұмсайды. Біздің делегациямен кездескен Швеция Үкіметінің өкілдері 2017 жылы Астанада өтетін EXPO көрмесіне қатысатындарын растады. Урбан Алин, Швеция парламентінің спикері: - Қазір бізде жаһандық жылыну мәселесі пікірталас тудырып отыр. Қалдықтарды тастауды жіті бақыла…

1
0
389

Өскемендегі этноауылға 322 көшет отырғызылды

Өскемен жайқалған жасыл қалаға айналады. Шаһарды көркейту жұмыстарына нұротандықтар да кірісіп кетті. Олар облыста жұмыс жасайтын бастауыш партия ұйымдарының санына сәйкес этноауылға 322 көшет отырғызды. Ол ұйымдардың барлығы әлеуметтік мәселелерден бөлек өңір экологиясын жақсартуға да белсенді қатысып жүр. Ғалымдардың айтуынша, бір гектарға егілген көшет бір жылдың ішінде 100 тонна шаң мен басқа да қатты заттарды ауаға таратпай ұстап қалады. Енді бұл игі іс облыстың барлық аудандарында жалғасын таппақ. Сымбат Рамазанов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бөлім кеңесшісі: - Негізгі мақсат – халықтың, қоғамның өзінің туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, оның қоршаған орта табиғатын тазалау, соған 1 үлкен септігін тигізу мақсатында осындай бір үлкен игі бастаманы а…

1
0
316

Талдықорғанда жалпықалалық сенбілік өтті

Published 19.10.2015 24.kz Жетісу өңірінде тазалық сенбілігі өтті. Оған Алматы облысының барлық аудан-қалалары мен елді мекендеріндегі тұрғындар, мекемелер мен қоғамдық ұйым өкілдері және студенттер қатысты. Мақсат – қыс алдында тазалық мәселесін реттеп алу. Облыс орталығы Талдықорғанда көшет отырғызу мен абаттандыру жұмыстары да қатар жүргізілді. Жаңа нысандар бой көтерген аймақтар мен басқа да гүлзарлардың айналасына қайың, қарағай, емен сияқты ағаштардың 3 мыңнан астам көшеттері отырғызылды. Мәмилә Мұсабекова, қалалық мәслихаттың депутаты: - Жасыл желектердің қатары көбеюі үшін осы Қаратал жағалауында бүгін талдар егу, оны абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көріктене түсуі үшін, оның ауасының таза болуы үшін барлығымыз да өзіміздің үлесімізді қосқымыз келеді. Бүгін енді нағыз еңбе…

1
0
293

Алматыда жыл соңына дейін 20 мың көшет отырғызылады – әкімдік

Published 19.10.2015 strategy2050.kz Айта кетейік, Алматыда қала көшелерін, аула аумақтарын, көпшілік пайдаланатын орындарды, арық арналарын, бос жерлер мен жасыл аймақтарды, сондай-ақ өзен, су қоймаларының аңғарлары мен жағаларын санитарлық тазарту бойынша жалпықалалық сенбілік өтті. «Адем» сауда орталығына қарама-қарсы орналасқан саябақтан бастау алған іс-шараға қала әкімі Бауыржан Байбек, шығармашылық зиялы қауым, спортшылар, қоғамдық және жастар қорларының өкілдері мен ПИК өкілдері қатысты. Солардың ішінде Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, белгілі альпинист Мақсұт Жұмаев, ҚР еңбегі сіңген әртісі Майра Ілиясова, қоғам қайраткері Аружан Саин және басқалар болды. Алматы қаласының барлық аудандарында тазарту жұмыстары мен ағаш егу шараларына 240 мыңнан астам алматылық ат сал…

1
0
372

Алматы әкімі Н.Назарбаевқа қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жоспары туралы баяндады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Б.Байбек қаланы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту жұмыстары жөнінде баяндады. Атап айтқанда, негізгі азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу, тиімді оқу үдерісін ұйымдастыруға жағдай жасау, жылу беру маусымына дайындық жөніндегі шаралар қабылдануда. Б.Байбек жалпы сомасы 10 миллиард теңге болатын меморандумға қол қойылғанын, соған сәйкес Алматы кәсіпорындары өз өнімдерін «ЭКСПО-2017» көрмесі нысандарының құрылысына жеткізіп отыратынын айтты. Мұндай қадам алдағы Универсиада нысандарына да байланысты жоспарланып отырғаны атап өтілді. Сонымен қатар Алматы әкімі биылғы шілдеде болған көшкін зардабын жою жұмыстары туралы да айтты. Мәселен, тиісті өтема…

1
0
336

Қазақстан 2030 жылға қарай атмосфераға шығатын қалдықты 25 пайызға қысқартуға ұмтылуда

Қазақстан жаһандық ауа-райының өзгеруіне өз үлесін қосуда, 2030 жылға қарай атмосфераға шығатын қалдықты 15-25 пайызға қысқартуға ұмтылуда, деді Энергетика министрі Владимир Школьник Астанадағы «Қазақстан Республикасының 2021-2030 жылдарға арналған парникті газды шығаруды азайту бойынша ұлттық міндеттемелері» семинары барысында. «Қазақстан халықаралық үрдістердің толық қатысушысы ретінде жаһандық ауа-райының проблемаларына өз үлесін қосуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік эономикадағы тұрақтылыққа жету бастамасы әлемдік қауымдастықтың жоғары бағасына ие болды. Оның ішінде Астанада «жасыл» технологияларды дамыту туралы халықаралық орталықтың құрылуы ұсынысы тұрақты дамудың 13 мақсатының тиімділерінің бірі болып есептеледі», – деді В.Школьник. Министр атап өткендей, Қазақстан жаһандық…

1
0
327