Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Оқушылар дайындаған бұйымдар «ЭКСПО-2017» көрмесіне қойылады

Шығысқазақстандық балақайлардың қолөнер бұйымдары «ЭКСПО-2017» көрмесіне қойылады.

Көкпекті ауданының Самар ауылы шығармашылық үйі оқушыларының киізден жасаған бірнеше туындылары Астанада өткен республикалық байқауда көпшілікті таңқалдырып, бас жүлдені жеңіп алған. Енді бұл бұйымдар 2 жылдан кейін шетелдік қонақтарға көрсетілмек. Шығармашылық үйінің ашылғанына биыл 65 жыл. Мұнда 10-нан астам үйірме бар, оған 200-ден астам бала қатысады. Оқушылар ағаштан ою ойып, кесте тігеді, мүсіндер жасайды. Сондай-ақ бұл орталықтың өзіндік қуыршақ театры да бар. Ал кейіпкерлерге киімді өзіміз тігеміз дейді самарлық оқушылар.

Галина Штукерт, шығармашылық үйі директорының орынбасары:

- Біздің балалар қашанда ізденіс үстінде жүреді. Әркім өзінің жүрегіне қай үйірме жақын соны таңдайды, арасында ұжымдық жұмыстармен де айналысамыз. Мәселен, қуыршақ театры әртүрлі ертегілерден қойылымдар қойып, балабақшалар мен қарттар үйіне барып тұрады. Ауданда өтетін мәдени көпшілік шараларға үнемі атсалысып отырамыз.

http://gbpp.org/kz/2015/10/10062

 
1
0
461

Осы тақырып бойынша