ru
QazAgym
QazAgym
QazAgym
461 жазбалар50 тіркелуші
-1

Халықтың трагедиясы

Америка құрылығында баяғыдан бері ұлттық мемлекет болмаған. Солтүстік пен оңтүстік Америкада орналасан ондаған мемлекеттің тілі Европада орналасқан ұлттардың тілдері: ағылшын, испан, португал, француз тілі. Африка елдерінің мемлекеттік тілдері, негізінен сол баяғы: француз және ағылшын тілдері. Ендігі кезек космополит және мәңгүрт болу Азия мен Таяу шығыс елдерінде. Дүние жүзінде өмір сүріп жатқан барлық халықтардың, ұлттардың соңғы 100 жылдағы ең үлкен трагедиясы - өзі өсіріп, тәрбиелеп, үлкен өмірге аттандырған азаматтарының, белгілі бір лауазымға ие болып, қызметі көтерілгеннен кейін өз ұлтының рухани байлығынан, ұлттық қадір - қасиетінен, өзінің туған ана тілінен, мәдениетінен, әке - шешесінің берген тәлім - тәрбиесінен теріс айналып, оған жиіркене қарап, басқа теуіп кеткендігінде.

Ақпарат көзі