Саяси қуғын-сүргін құрбандары
Өткен тарихқа назар аударсақ кеңес одағы орнаған жылдарда және бұдан кейінгі ұжымдастыру кезеңдерінде елімізде миллиондаған адам зорлық-зомбылық көрді. Ұжымдастыру деген желеумен бұқара халықтың қолындағы мал-мүлкін тартып алып, осының салдарынан миллиондаған қазақ қынадай қырылды. Солақай саясат мұнымен тоқтамай сенімсіз деп танылған ондаған ұлттың өкілдері Қазақстанға соғыс жылдарында күшпен жер аударылды. Өкініштісі олардың көбі жолда қырылып, бастарынан небір азапқа толы жылдарды өткізді. Осы кезде зорлық-зомбылыққа шыдамаған ұлт зиялылары кеңес одағының халықты қырғынға ұшыратқан саясатына қарсы шыққанымен, олар да шындыққа тура қараған көзқарасы үшін қудаланды. Итжеккенге айдалып, басым көбі ату жазасына кесілді. Алаш қайраткерлері Қазақ халқының бостандығы үшін,мемлектіміздің тәуелсіздігі үшін жанқиярлықпен тоталитарлық режимге қарсы күрескен - ұлтымыздың ұлылары. Әрбір Қазақ , Алаш Орда қайраткерлеріне қарыздар.Қазақ халқының амандығы үшін, сақталып қалуы үшін жығылып, қайта тұрып, мың өліп- мың тірілген, талмай,шаршамай,ешкімнен ештеңеден қорықпай,жаудың бетіне басты түсірмей шалқайып тіке қараған тек қана біздер үшін Қазақ ұлты үшін өмір сүрген, қуғын сүргіннен қорықпай, басына қауіп қатер төніп тұрса да, ойланбастан жауға қарсыласқан қазағымыздың батырларына қарыздармыз. Ел мен ұлт жолында құрбан болған арыстарды еске алып, олардың рухына Құран оқу өте сауапты іс.
Ақпарат көзі
