ru
QazAgym
QazAgym
QazAgym
461 жазбалар50 тіркелуші
0

Қазақ тілінің мәртебесі

Бірақ қазақ тілінде оқытатын балабақша мен мектептің саны ұлттық демографияға сай артар емес. Әліге дейін басқа тілде беретін мектептер мен аралас мектептердің саны азаймай тұр. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақ тілінің мәртебесіне зор назар аударылып, 2020 жылы мектеп оқушыларының ұлтына қарамастан мемлекеттік тілді 100 % меңгеруі туралы міндеттеледі. Осы Президент міндеттемесін үкімет пен жергілікті атқару органдары қалай орындамақ екен? 2020 жылға дейін үш жыл қалды. Басқа тілдердегі мектептерді аралас мектепке, аралас мектептерді біртіндеп мемлекеттік тілде білім беретін мектептер қатарына қосатын кез келді. Келешекте Қазақстанда бір тек қана мемлекеттік тілде білім беретін жүйеге көшу керек. Сан артпайынша,сапаның артуы қиын. Ең азында мемлекет тарапынан қаржыландырылған балабақшалар мен мектептер тек қана мемлекеттік тілде болуы керек.

Ақпарат көзі