Мазмұнға өту
Eltin1951

Амангелді Елтін

@Eltin1951

Сайтта 2016 ж. 26 желтоқсан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

27

пікірлер

22

тіркелуші

1

жазылымдар

0

түркілер

ТүркілерАқын Жұбан Молдағалиев өлеңінде «Біз қазақпыз, мың өліп, мың тірілген»,– дейді. Бұл сөздерді бүкіл түркі халықтарына қатысты айтуға болады. Қытай жылнамаларында түркілерді «тукю» деп атаған, өйіткені қытай тілінде «р» дыбысы жоқ. Одан кейін бабаларымыз тарихта ғұн, скиф, сак, қыпшақ, моңғол-татар деген атаулармен белгілі. Түркілердің тарихын Әбілғазы Бахадур ханның шежіресін оқып білуге болады. Ресей тарихшылары Әбілғазы шежіресін шындықпен үйлеспейді дейді. Оны түсіндіру оңай: Шежіре Ресейдің отаршылдық идеологиясына қайшы келеді. Кеңес идеологтары түркі халықтарының бірлігіне қарсы болып, пантюркизм-реакцияшыл құбылыс деп жариялады. Түркі халықтарын бөлшектеу үшін «ұлттық межелеу» шарасын өткізді. Соның нәтижесінде Кеңес Одағында көптеген жаңа «ұлттар» мен «тілдер» пайда болды.…

0
0
2550

Қазақ халқын қалай ұйыстырамыз?

Қазақстан халқын қалай ұйыстырамыз? Көне заманнан бері Қазақстан жері талай мемлекеттердің құрамында болды. Түркі- моңғол мемлекеттерінің бірі күйрейді, екіншісі пайда болады. Көптеген билеуші әулеттер бірін-бірі алмастырды. Солардың бірі Ұйғыр қағанаты(742-847жж.). «Ұйғыр» сөзі түркілердің ұйыған мемлекеті дегенді білдіреді. Бүгінгі ұйғыр этнонимі сол заманнан қалған. Шәкәрім Құдайбердіұлының сөзімен «қазақтар сол ұйғыр нәсілінен» шыққан. «Нәсілі» деген сөз тарайды деген мағынаны білдіреді. Ислам діні Орталық Азияға VIII ғасырда кірді. Жаңа дін өзінің жаңашылдығымен бұрыннан тараған діни сенімдерді: тәңіршілдікті, шаманизмді, манихейлікті, буддизмді, несторияндықты аймақтан ығыстырып шығарды. Алғашқы болып түркі билеушілерінің ішінде ислам дінін қабылдаған, 942 жылы билікке келген, Сатлу…

-1
4
869

Оларды ұйымдастырған намыс

Оларды ұйымдастырған намыс Желтоқсан көтерілісі 1986 жылы Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс қимылдары. Бұл бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға. Мәскеудің насихаты қандай күшті болғанымен, Қазақстанның, басқа да одақтас республикалардың отарлық жайлары айқын көрініп тұрды. Алматы профессорларының арасында төл тарихымызды, қазақ-түркі әдебиетін терең зерттеген оқымыстылар көп болды. Зиялы қауымның, қалалықтардың, жастардың отырыстарында Мәскеу орталығының отаршылдық саясатына наразылық әңгімелер болып тұрды. Ана тіліміз туралы, бостандық жайлы көкейкесті пікірлер ортаға салынатын. Ондай талқылар, тәуелсіздікке ұмтылыс барлық республикаларда да белең алды. Бұл Кеңес империясы идеология…

0
0
1111

Әр нәрсені жаңаша пайымдау керек.

Әр нәрсені жаңаша пайымдау керек Екібастұз қ. «Отарқа» газетінің тілшісі Жассерік Жәлелұлының Амангелді Елтінмен жүргізген екеуара әңгімесі. Адамдар арасында жылы қарым-қатынас орнауына түрлі жағдай себеп болады. Осыдан жеті жыл бұрын редакцияға бейтаныс адам іздеп келді. Өзін таныстырған соң, бірден бұйымтайына көшті. «Мұғалім білім беруші ғана емес, тәрбиеші де емес пе. Еліміз тәуелсіздік алғалы еңсеміз көтеріліп, қызметке жігерлене кірістік. Елін сүйетін елжанды ұрпақ тәрбиелеу үшін жалынды сөз де керек. Осы орайда қазақтың арғы-бергі тарихын қамтитын, қазақ баласын рухтандыратын бірер шумақ өлең жазып берсең, тәрбие үдерісі үстінде кәдеге жаратар едім» деді аға керек өлеңнің идеясын тәтпіштеп айтып . «Аға, менің ақындығым шамалы, әйтсе де көрейін» деп екіұштылау жауап бердім. Осылайша…

0
2
941

Жазықсыз жапа шеккендер

1.Жазықсыз жапа шеккендер Кенжебай Күшік ауылының тұрғындары өз туып-өскен жерлерін «Жер жаннаты —Әбжан» дейтін. Бұл жерде Шоқпар ауылынан басталып, Тұзүйгеннің тұсында қайтадан Ертіске қосылатын өзеннің саласы бір тынысты сарқырап ағатын. Біреулер оны Қара Ертіс, екіншілері Түлкі дейтін. Түлкі көктемде сатыр-сұтыр қақтығысып сең жүргенде ерекше сұлу көрінетін. Су жайылғанда, жардың ернеуіне дейін тасып, көктеуге шыққан әбжандықтардың зәресін алатын. Тоғайы үлкен, аң мен жеміске толы , шөбі шүйгін, құс пен жидекке толы, сулары мөлдір, балығы мол болатын. Ақсақалдар орманды өрттен сақтап, жабайы аң мен құсты аңшылар мен балалардан «обал болады» деп қорғайтын. Өзен бойы қаптаған қыстақтар тұрғындары табиғаттан Алланың берген нәсібін алып, жоқтық көрмейтін. Алқакөл болысында (Ақтоғай ауданы)…

0
0
1181

Қоқан -азаттықтың, қайсар рухтың символы және Қазақстан мен Орта Азия халықтарының бірлігінің символы

Түркістан автономиясының 100 жылдығына орай Қоқан – азаттықтың, қайсар рухтың символы және Қазақстан мен Орта Азия халықтарының бірлігіің куәсі Алтын Орданың күйреуіне әмір Темір себеп болды. Ыдыраған Алтын Орданың кеңістігінде Аспан асты елі, Ресей патшалығы мен көптеген ұсақ мемлекеттер пайда болды. Алғашқы екеуі өзара келісіп, қалған шағын мемлекеттерді жұтып, алып державаларға айналды. Қызыл империяның бізге қалтырып кеткен тарихында былай жазылған: «Добровольное присоединение Казахстана и Средней Азии к России». Шын мәнінде олай болған емес. Ресей неше түрлі әдіс – тәсілдерді қолданып, түркі халықтарын Еуропа үлгісіндегі жойқын қарудың күшімен жаулап алды. Ресей жазып берген тарихта өз шапқыншылық әрекеттерін жағымды құбылыс деп жариялайды. Ал құрбан болған мемлекеттердің азаттық үші…

0
1
3483

Тарихтан тағлым алу керек

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай Тарихтан тағылым алу керек Қазақ Хандығының 550 жылдығын тойлау тарих қатпарына тереңірек үңіліп, тарихымызды жаңа деректермен, жәдігерлермен толықтыруға жағдай жасады. Томирис, Мөде, Аттила(Еділ), Бумын және Шыңғыс хан − Еуразия сахарасының ұлы біріктірушілері. Біз, түркі-моңғол халықтары, солар құрған ұлы мемлекеттердің мұрагерлеріміз. Отарлаушы державалар ғасырлар бойы «бөліп ал да, биле», «іштен құртша кеміру» (цань ши) саясатын жетік меңгеріп, түркі-моңғол халықтарын құрып кетудің алдына әкелді. Отарлаушы елдер, моңғол мен бүгінгі түркілердің арасына жік салып, Шыңғыс бабамыздан айырғысы келді. Мақсат − түркі-моңғол халықтарын жадынан, тарихынан, рухынан, дінінен және салт-дәстүрлерінен айырып, бөлшект…

0
0
2365

Көне мәдениетімізді жаһанданудан сақтайық

Көне мәдениетімізді жаһанданудан сақтайық (Қазақ хандығының 550 жылдығына орай) Мәдениет – адамзаттың өндірістік, қоғамдық және ақыл-ой жетістігінің жиынтығы. Біздің бабаларымыздың әлемдік өркениетке қосқан үлесі ауқымды. Мәдениетті білу үшін халқымыздың тарихын, тілін, салт-дәстүрін, санасын білуіміз қажет. Кеңес заманының тарихында қазақтың бас жауы етіп, өзімізге туыстас моңғол-татарлар, жоңғарлар, Қоқан хандығы көрсетіледі. Бұл шындыққа жанаспайды. Себебі, біздің тарихымыз жау тарихшыларының қолымен жазылған. Қызыл империя кезінде мынандай ұғымдар болды: «партийность науки», «партийность литературы», «партийность истории». Ғалымдардың, тарихшылардың, жазушылардың ауыздары буулы болды, олар ақиқатты айта алмайтын, жаза да алмайтын. Көптеген тарих пен әдебиет саласының қайраткерлері «өт…

-1
0
846

Ортақ ақпараттық кеңістік құру

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ортақ ақпараттық кеңістік құру − қоғам тұтастығының маңызды шарты Бүгінде Қазақстан қоғамы екі үлкен топқа бөлініп отыр: қазақ тілділер, орыс тілділер. Қоғамдағы консолидация үдерісі өте баяу жүзеге асуда. Бұған басты кедергі болып отырған көршілес Ресейдің ақпарат кеңістігі. Баршамызға белгілі, Ресейдің ақпараттық кеңістігі − бұрынғы КСРО-ның үгіт-насихаттық ақпараттық кеңістігінің мұрагері. Коммунистік империя мүдделеріне қызмет еткен ақпараттық кеңістік, партиялық сипатта болғандықтан, қарқынды дамыған. Орыс тілділер ресейлік телебағдарламалардағы ақпаратты санасына сіңіріп, өздерінің Қазақстан азаматтары екенін ұмытып, русоцентристерге айналуда. Негізінен екі топтың да өмірлік ұстанымдары бірдей. Дегенмен, кейбір мәселелер бойынша, тарих, мә…

0
1
1923