Жазықсыз соттағанға неге жаза жоқ?
2013 жылдың қысы. Сарыағаш қаласын салқындық басып тұр. Жоқ, бұл қыстың қаһарынан емес, пейілі мен ісіне орай бірнеше топқа жіктелген адамдардың арақатынасынан туындаған суықтық еді. Солардың бірі – жолдағы жүргізушілерді де, кеш қарая кешіккен жаяу жүргіншілерді де ұстап, ақшаларын берсе – қолынан, бермесе – ұрып-соғып, атып қансыратып, тартып әкете берген А. Эгамбаев бастаған қарақшылық топ. Бұлардың құрамында бес адам болды. Қарулы қылмыстық топ Шымкент қаласында құрылды. Әр мүшесінің әрекет ету кезіндегі...
