Шекара шындығы
Шығыс Қазақстан облысы Ресей Федерациясы және Қытай Халық Республикасы сынды алып мемлекеттермен және Орталық Азия республикаларымен шектесетіні белгілі. Шекаралық аумақтың жалпы ұзындығы 2100 шақырымды құрайды. Әңгіме біздің алып державалардың қыспағында жатқандығымызда емес. Мәселен, Ресей мен Қытай жақтары бізбен шектесетін өңірлеріне ішкеріден халықты молдап әкеліп, соған орай инженерлік құрылымдар санын арттыруда, тұрғын үй кешендерін молдап тұрғызуда. Яғни, Қазақстанмен шекаралас өңірлерге көшіп келушілерге өркениетті түрде әлеуметтік жағдайлар жасауға баса назар аударып жатыр. Қытай Халық Республикасы тіпті, «Қарамай-Шәуешек» теміржол құрылысын аяқтауға шақ қалды. Шәуешек бізге тиіп тұр. Теміржолын тіреп, қаражолын күреп қойды. Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық автомагистралі Қазақстанды көктеп өтеді. Ол елде тіпті «Шекаралас аумақтар» жайлы арнайы заң шығарылып, ел шетіндегі шағын қалаларды дамыту және ол өңірлерді өркендету жайлы аса ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Толығырақ: http://egemen.kz/?p=34523
