Семейде қалалық ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығының ашылуы өтті
Салтанатты іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау және күш құрылымдарының басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері шақырылды. Лентасын кесіп, Семей қ. ІІБ ЖБО ашу құрметі ішкі істер органдары ардагері Майдан Аманжолов пен ШҚО әкімінің орынбасары Ерлан Текешовке берілді. «Еліміз егемендік алғанға дейін біздің басты жұмыс құралдарымыз қалам мен қағаз болатын. 1993 жылы жергілкті полиция жұмысымен танысуға АҚШ-қа барғанда бізге осындай жүйенің жұмысын көрсеткен болатын. Әріптестерімізбен осындай жүйе бізге, кемінде, 50 жылдан кейін жетер деп ойлағанбыз. Алайда, біз оған әлдеқайда ерт қол жеткіздік. Бүгін полиция қызметкерлерінің құқық бұзушылыққа қарсы күресте сенімді көмекшісі бар», - деп өз ойымен бөліністі отставкадағы милиция генерал-майоры Майдан Аманжо…