Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Полицейлер пәтер иелеріне күзет дабылын орнатуға кеңес береді

Пәтер ұрлықтарының алдын алу және жолын кесу мақсатында ШҚО ІІД Күзет қызметін бақылау бөлімі (КҚББ) объектілер мен азаматтардың пәтерлерінің сенімді қорғанысы үшін орталықтандырылған күзет пультіне қосылған күзет дабылы құрылғысын орнатуға кеңес береді. "Дабыл" белгісі бойынша күзет дабылы іске қосылған кезде қаруланған күзет қызметкерлерінің жасақтары мен полицейлері дереу келіп жетеді.

ШҚО ІІД КҚББ бастығы, полиция полковнигі Ақтан Қожақановтың айтуынша 2014 жылы ШҚО-да күзет қондырғылары орнатылған пәтерлерден бірде бір ұрлық жасалған жоқ.

- Шығыс Қазақстан облысында күзет қызметі субъектілері азаматтардың 1547 пәтерлерін күзетеді, оның ішінде 880 пәтер Өскемен қаласында. Біздің пайымдауымызша, орын алған криминогендік жағдайды ескерсек, бұл жеткіліксіз, - деп өз ойымен бөлісті Ақтан Қалибекұлы.

ШҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының деректеріне сүйенсек, өзгенің мүлкін ұрлау қылмыстарының сараптамасы 2014 жылдың 12 айында Өскемен қаласының аумағында пәтерлерден 1060 ұрлық жасалғанын көрсетеді. Аталған қылмыстардың ашылуы 63,2 пайызды құрайды.

- 2013 жылмен салыстырғанда пәтер ұрлықтарының саны 547 фактіге азайды. Осындай нәтижеге ведомстволық бағдарлама, сондай-ақ өткізіліп жатқан «Қауіпсіз аула», «Кілт», «Пәтер» сияқты арнайы жедел-алдын алу іс-шаралары өз ықпалын тигізуде. Аталған шаралар бірінші ретте азаматтардың мүліктерінің сақталуына бағытталған, - дейді ШҚО ІІД КПБ бастығының орынбасары полиция майоры Жанболат Бақыжанов.

- Сонымен қатар «гастрольдеп жүрген» топтарды анықтау бойынша басқа аймақтармен тығыз қарым-қатынас орнатылған. 2014 жылы қабылданған шаралар нәтижесінде, облыс орталығында пәтер ұрлығымен айналысқан 16 қылмыстық топ әшкерленді. Мысалы, Өскемен қаласында құлыптардың өзегін бұзу арқылы 40-тан астам пәтер ұрлығын жасаған Тарбағатай ауданы тумаларынан құрылған қылмыстық топ ұсталды. Сондай-ақ,  ШҚО облыс орталығында пәтер ұрлықтарын жасаған Павлодар облысынан келген топ әшкерленді, - деп қосты ол.

Ұрлықтардың басым бөлігі күндізгі уақытта орын алады. Тәжірибе көрсеткендей, көбінесе жауыз ниеттілер пәтерлерге кіру есігінің құлпын бұзу, кілттерді іріктеу немесе пластикалық терезені қысу арқылы кіреді. Есік ілгегін бұзу және бірінші қабаттағы желдеткіш пен балкон арқылы кіру фактілері де жиі кездеседі. Көбіне ұрылар азаматтардың зергерлік заттарына, ақшалай қаржаттарына, теріден жасалған бұйымдарына, тұрмыстық техникаларына қол сұғады.

- Әрине қылмыскердің алдында неғұрлым көп бөгеттер болса, соғұрлым жақсы. Алайда, жедел ақпараттарды сараптау нәтижелері жылжымайтын мүлік иелерін қосарланған есік те, терезердегі торлар да, аса құпия құлыптар да ұрлықтан сақтамайтынын көрсетеді. «Кәсіпқой» пәтер ұрлықшылары осы амалдардың барлығына шешім тауып алған. Есіктерді бұзады, терезелерді сындырады, құлыптардың мықтылығын түрлі тәсілдермен тексереді. Мүліктерді сақтаудың ең сенімді жолы үйге күзет жүйесін орнату. Тәжірибе көрсеткендей, ұрылар осындай пәтерлерден сырт айналып өтеді, - деп атап өтті Жанболат Бақыжанов.

Аталған фактілер өткен жұмада ШҚО полейлерінің күзет агенттіктері мен оператор фирмалардың директорларымен өткізілген кезекті кездесуінде талқыланды. ШҚО ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Батыбек Аяғановтың төрағалығымен өткен кездесуде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге мемлекеттік емес ұйымдарды тартудың және орталықтандырылған бақылау пультіне (ОБП) азаматтардың пәтерлерін қосу бойынша насихаттық жұмыстың жай-күйі талқыланды. Кездесуге меншік иелерінің кооперативтері мен жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің өкілдері қатысты.

Полицейелердің пікірінше орталықтандырылған бақылау пульті арқылы күзетілетін пәтерлердің көбеюіне теріс әсерін тигізетін негізгі мәселе - дабыл құралдарын орнатуға және азаматтардың пәтерін күзетуге ай сайынғы төлемдердің қымбат болуы болып отыр.

- 2014 жыл көлемінде ОБП арқылы пәтерлерді күзету бойынша ай сайынғы тарифтерді төмендету, яғни тарифтерді төмендету есебінен күзетілетін пәтерлер мен үйлердің санын көбейту және күзетуге жұмсалған шығындарды жабу мәселесі бірнеше рет қаралған болатын. Оператор-фирмалар басшылырының айтуынша, жанар-жағармай мен электр тасымалдауыштарының қымбат болуына және күзетілетін пәтерлер санының аз болуына байланысты монтаж бен күзет бағаларын түсіруге қазіргі уақытта мүмкіндік жоқ, - деді ШҚО ІІД КҚББ бастығы, полиция полковнигі Ақтан Қожақанов.

Полицейлер пәтер иелері кооперативтерінің өкілдерін тұрғындар арасында пәтерерді күзетке қосу бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізуге және аулаларға бейнебақылау жүйелерін орнату туралы  жергілікті атқарушы органдарға ұсыныс жасауды сұрады.

- Бүгінгі кездесуге күзет агенттіктерінің директорлары шақырылған, сіздерде олармен пәтерлерді күзету мәселесін кеңінен талқылауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, тұрғындар жиынын ұйымдастырғанда пәтерлерді күзетке алу бойынша нсихаттық жұмыстарын өткізу үшін оператор-фирмаларының басшыларын шақыруларыңызды сұраймыз, - деді кездесу барысында ШҚО ІІД бастығының орынбарасары Батырбек Аяғанов.

- Ұрлықтардың алдын алу және ашу бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі тек ішкі істер органдарының күштік ықпал етуіне ғана   емес, сонымен бірге полиция қызметкерлері мен пәтер иелерінің тарапынан құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу бойынша жүйелі, кешенді жұмысты қамтамасыз етуге де байланысты. Орын алған пәтер ұрлықтарын ашу бойынша жауапкершілікті ала отырып, бірінші кезекте профилактика бағытында жұмыс істеуіміз керек деп есептейміз. Біздің мақсат қылмыс жасалуын күту емес, керісінше, оның алдын алу. – деп басқосуды қорытындылады Батырбек Аяғанов.

 

ШҚО ІІД баспасөз қызметі

 
0
0
976

Осы тақырып бойынша