Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодарда жастарға арналған Республикалық семинар-тренинг жалғасуда

Мемлекеттік жастар саясаты мектебі жанындағы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жастар ұйымдары мен жастардың өзін-өзі басқару мекемелерінің өкіледеріне арналған «Жастардың қоғамдық шараларға жергілікті деңгейде қатысуы» атты Республикалық деңгейдегі семинар-трениг өткізуде. 21-23 маусым күндері аралығында Павлодар облысы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының Жастар бастамаларын дамыту орталығында қатысушылар осы салаға қатысты семинарлар, тренигтер, әдістемелік жұмыстарға қатысатын болады.

Кеше семинардың бірінші күнінің өзінде «Жастардың түсінігі. Жастар санатары», Көшбасшылық – жастардың тиімді басқарудың маңызды компоненттерінің бірі», «Жастар ұйымдары, өзін-өзі басқару органдары, стандарттары және бағалау әдістемесі» сияқты тақырыптарда әдістемелік кеңестік отырыстар мен семинарлар болып өтті.

Семинардың ашылуында сөз алған «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директорының орынбасары Әсем Қайдарова: Қазіргі сәтте жастардың тек 10 % қоғамдық өмірге белсенді араласады екен, ал бұл қуантарлық көрсеткіш емес, сол себепті де бізге қазіргі сәттен бастап жастар ұйымдарының қызметінн бағалауды және стандарттарын қарап, жұмыс тиімділігін арттыруды үйренуіміз керек, -деді.

Бүгін Республикалық семинар-тренингтің 2 күні өтуде. Күн тәртібінде «Жастар бастамаларына менторлық жүргізу», «Жастардың қатысуы», «Жастардың қатысуына бағытталған жобалар» атты мәселелер қарастырылуда.

 
0
0
589

Осы тақырып бойынша

Павлодарда жастарға арналған Республикалық семинар-тренинг жалғасуда - Yvision.kz