Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодарда жастарға 100-деген жұмыс орындары ұсынылды

ЖОО мен колледж түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында 8 бен 15 маусым аралығында Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі әр түрлі мамандықтарды қамтыған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Техникалық мамандықтар бойынша жұмысқа орналасыру апталығы 8 маусым күні Жастар Орталығында басталған жәрмекеде қаланың ірі кәсіпорындары мен өнеркәсіптері 59 бос жұмыс орынын ұсынған болатын.

Жалпы жұмыс берушілер ретінде 13 техникалық сала өкілдері қатысты. Олар: «Қазақстан Алюминий» АҚ, «Павлодар электроиз зауыты» АҚ, «LTD Мұнайхимия зауыты» ЖШС, «ГСУ Құрылыс» ЖШС, «ПРЭК» ЖШС, «Трамвай басқармасы» АҚ, «Гофротар зауыты» АҚ, «Кэмми груп» ЖШС, «Павлодарэнерго» АҚ, «Каустик» АҚ, «Павлодар су арансы» ЖШС, «СоюзЭнергоРемонт» ЖШС, «Технологиялық желілер» ЖШС.

9 маусым күні сағат 11.00-де Жастар Орталығында эконмикалық және заңгерлік сала бойынша жұмысқа орналасуға болады. Жәрмеңкеде кассир, менеджер, кеңес беруші сияқты мамандықтар бойынша еліміздің ірі 10 банкі бос жұмыс орындарын ұсынды. Одан бөлек жәрмеңкеде жеке сот орындаушылары да заңгерлерді шақыратынын жеткізді.

11 маусым күні сағат «Қазпошта» АҚ базасында өткен жұмыс жәрмеңкесінде қаламыздың 14 фирмасы мен кәсіпорындары 161 бос жұмыс орыны бар екенін хабарлады. Жәрмеңкеге 70-тен астам жұмыс беруші қатысып, сұхбаттасуға шақырылды.

Ал 12 маусым күні Павлодар қаласының кәсіпорындарына көшпелі жәрмеке өтті. Уақытша жұмысқа орналасу бойынша жәрмеке 13 маусым күні сағат Жастар Орталығында ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызметкерлерге арналған бос жұмыс орындары екі бөліктен тұрады: Алғашқы жәрмеңке – Облыстық әкімдікте өтсе, 15 – маусым күнгі соңғы жұмыс жәрмеңкесі Жастар Орталығында ұйымдастырылды. Оған: Екібастұз қаласының Жұмыспен қамту орталығы, Ақсу қ. жұмыспен қамту бөлімі және Павлодар, Баянауыл, Ертіс, Успен аудандарының жұмыспен қамту бөлімінің өкілдері қатысып, аудандардағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат берді. Мысалы Успен ауданында мұғалімдер мен медбикелерге сұраныс көп болса, Баянауыл ауданында заңгер, аула сыпырушы, мұғалім сияқты мамандықтарға сұраныс мол.

Кейбір аудандардағы бос жұмыс орындары:

АҚСУ ҚАЛАСЫ:

ЕРТІС АУДАНЫ

 

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

 

 

ПАВЛОДАР АУДАНЫ

 

 

0
0
1092

Осы тақырып бойынша

Павлодарда жастарға 100-деген жұмыс орындары ұсынылды - Yvision.kz