Есен Елеукен: «Ертіс толқыны» республикалық жайдарман фестивалі жоғарғы деңгейде өтті
24 маусым күні сағат 20.00 де Павлодар қаласының орталық жағажайында «Ертіс толқыны» республикалық жазғы жайдарман фестивалі өтті.

Фестивальді Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқрамасы қолдауымен «Шығармашық жобалар орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Оған КВН лигасының үздік 8 құрама командалары қатысты. Әділ қазылар қатарында белгілі қоғам қайраткері Нұрлан Өтешев, Қазақстан КВН одағының төрағасы Есен Елеукен және тағы басқа да өнер өкілдері болды.

Нәтижесінде фестивальдің жеңімпазы болып Талдықорған қаласынан келген «Шапалақ» командасы ұтып алды. Екінші орынға "Жоғарғы лига құрамасы" (Орал қаласы) иеленді. Үшінші орынды Семей қаласының «Элемент» командасы алды. Ауа-райына қарамастан жағажайда кешке көп жастар фестивальді тамашалау үшін арнайы жиналып, командалар көрсеткен өнермен өз көңілдерін көтерді. Қазақстан КВН Одағының төрағасы Есен Елеукен "Ертіс толқыны" жайдарман фестиваліне жоғары баға берді.
