Мазмұнға өту
CRMI

ЖБДО ЦРМИ

@CRMI

Сайтта 2014 ж. 7 желтоқсанКазахстан, Павлодар

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік жастар саясатының іске асуы және таратылуы! Реализация и освещение государственной молодежной политики по Павлодарской области

рейтинг

100

жазбалар

1 265

пікірлер

13

тіркелуші

21

жазылымдар

11

Дүлділдер додасы «Дельфийлік ойындары»

Лебяжі ауданының мәдениет үйінде «ЖАЛЫН» жастар бастамаларын дамыту орталығы және «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған « XII Ұлттық жастар Дельфийлік ойындар» өнерлі жастардың аудандық сайысы өтті. Ұлттық Дельфий ойындарының мақсаты жастар өнерлерін жоғары деңгейде дамыту, мәдени жан-жақтылықты арттыру, төл мәдениеттің мәртебесін арттыру, жастардың шығармашылық, кәсіби өнерлерін шыңдау,олардың дарындары мен таланттарына ықпал жасау. Шараның шымылдығын ашып, қатысушыларға сәттілік тілеген аудандық «ЖАЛЫН» жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Жанар Садвакасова сайыс ережесін түсіндіріп, шараның маңызын айшықтады. Артынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жастардың «Қамажай» флешмоб биі…

0
0
1043

Бала деген бір бақыт..

Баршамызды бала тілмен баурайтын, Бала деген бір бақыт қой самғайтын Ата - ананың арманы мен тілегін, Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын Сүйкімді періштелер сендерсің Қандай бейне өздеріңе тең келсін! Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да, Ең алдымен балалықты меңгерсін. 1 Маусым - Халықаралық балалар қорғау күні.Мерекеге орай Павлодар облысының полиция қызметкерлері балаларға көңілді мереке ұйымдастырды. Жаңа футбол алаңының салтанатты ашылу рәсімін бүгінгі мереке иелеріне тапсырылды. Балалар үйінің тәрбиенушілерін және азқамтылған отбасы балаларына спорттық сыйлықтар ұсынды. «Ертіс» футбол командасының ойыншылары фристайл бойынша мастер кластарын көрсетіп, Мичурин балалар үйінің тәрбиеленушілерімен футболдан бақ сынады. Футбол ойынынан соң қару-жарақтардан құралған көрме көрсетілді. Бірақ…

1
0
5118

Тәуелсіздік құрдастары басқосты

Лебяжі ауданы «Жалын» жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің алтын шамы жанғанына 25 жыл толу құрметіне орай «Тәуелсіздік қырандары» атты тақырыпта Тәуелсіздік құрдастары басқосты. Әр жолы тарих жылнамасына ал­тын әріп­тер­мен жазылар жақұтты жылдар екеніне ешкім де қарсы уәж айта алмас. Ал бүгінгі таңда сол бір 1991 жылы туған тәуел­сіз­діктің құрдастары жаңа өмірге қадам басып, елге еңбек ету үстінде. Кездесудің ашылуында сөйлеген сөзінде аудандық «Жалын» жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры әрі Тәуелсіздік құрдасы Жанар Садваккасова барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, қазақ елінің әлемдік бәсекеге дәрежесіндегі даму жарысына батыл араласып, қиын да күрделі ауыр да абыройлы жолын ғасырла…

1
0
1164

31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Бүгін - ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Атаулы күн Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді. Бұл күн Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды. Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысы қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзі…

0
0
2609

Известны победители конкурса по книге «Дін мен дәстүр»

С 17 мая в городе Павлодаре молодые люди в возрасте с 16-25 лет соревновались в необычном состязании, а именно в интеллектуальном конкурсе на знание книги «Дін мен дәстүр» («Религия и традиция»), организатором которого выступила центральная областная мечеть имени Машхур Жусупа. Конкурс проходил в три этапа. В первом туре участникам необходимо было написать сочинение. На данном этапе приняли участие более 80 человек из разных регионов Павлодарского Прииртышья. Во второй тур прошли только 20 молодых людей, среди которых был и сотрудник Центра развития молодежных инициатив – Еркіндік Ақарыс, который любит читать разную художественную литературу. Он отметил, что участие в этом конкурсе – это своего рода испытание на проверку своих интеллектуальных сил и способностей, и что после этих соревнов…

2
0
484

Шығармашылық кеш

2016 жылғы 27 мамыр күні аудандық кітапхананың ұжымы ресурстық жастар орталығының әдіскерімен бірлесе отырып жас жанып келе жатқан жұлдызшамыз Кузьгова Лиданың «Моей души признанье...» өлеңдер жинағының шығармашылық кешін ұйымдастырды. Бұл кешке «Ветеран» , «Жыр жауһар» клубының мүшелері, мұғалімдер, ішкі саясат бөлімі, оқушылар және Лиданың ең жақын адамдары- ата- анасы қатысты. Шараның мақсаты- көпшілік жастардың қазіргі заманғы поэзияға және әдебиетке, кітапханаға деген қызығушылығын арттыру еді. Лиданың бұл шығармашылық кешінің тұсаукесеріне арнайы Павлодар облысының ақыны әрі журналист, ҚР мәдениет қайраткері Григорьева Ольга Николаевна келіп қатысты. Іс- шара ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Жанабаевтың сөз сөйлеуімен ашылды. Шара барысында жас ақын қызымыз Лидия Кузьгова өзінің «Каз…

0
0
1262

Павлодарда «Тіл шебері» конкурсы өтті

2016 жылғы 27 мамырда Жастар бастамаларын дамыту орталығында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен тілдердің үш тұғырлығын насихаттау, үш тілді-қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтау мен қолдау мақсатын «Тіл шебері» атты облыстық конкурсы өткізілді. Конкурста қалалар мен аудандардың үш тілді меңгерген 21 мен 29 жас аралығындағы үміткерлер бақ сынады. Қатысушылар «Мәдениеттаным» кезеңінде қазақ халқының салт-дәстүрлері жөніндегі сұрақтарға жауап берсе, «Ұлттаным» кезеніңде қазақ елі тарихы мен тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс, ағылшын тіліндерінде жауап берді. Ал, үшінші «Өнертаным» кезеңінде шығармашылық тапсырмаларды орындады. Қатысушылардын білімдерін ПМПИ, қазақ тілі және әдебиеті кафедрасын…

1
0
900

В Павлодаре прошел конкурс «Тіл шебері»

В целях популяризации трехъязычия, поддержки и выявления молодых государственных служащих, владеющих в совершенстве тремя языками – казахским, русским и английским, управлением по развитию языков Павлодарской области был организован областной конкурс «Тіл шебері», который прошел 27 мая в Центре развития молодежных инициатив. Участниками конкурса стали молодые люди из разных городов и районов Павлодарского Прииртышья в возрасте от 21 до 29 лет, владеющие тремя языками. В первом туре «Культуроведение» конкурсанты отвечали на государственном языке о традициях и обычаях казахского народа. Во втором туре «Познание нации» участники совершенно свободно рассказали на русском и английском языках об истории и о великих личностях казахского народа, в ярких красках передали всю красоту казахских земе…

0
0
577

Олжас Сүлейменов Павлодар облысының құрметті азаматы атанды

Бүгін С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінде Қазақстанның халық жазушысы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың 80 жылдық мерейтойына арналған кездесу өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Салтанатты жиын барысында сөз алған аймақ басшысы Болат Бақауов мерейтой иесін мерекесімен құттықтап, арқасына шапан жапты. - Бүгінгі кездесу Ертіс-Баян өңірінің халқы үшін естен кетпес тарихи оқиға. Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында Олжас Омарұлы 80 жасқа толып отыр. Облыс алдында сіңірген еңбегіңіз үшін сізді Павлодар облысының құрметті азаматы атағымен марапаттауға рұқсат етіңіз, - деді Б. Бақауов. Сондай-ақ С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың ректоры Арын Өрсариев О. Сүлейменовты мерейтойымен құттықтап, Олжабай бабасының суреті мен кітаптарды сыйға тартты. А…

1
0
643

Павлодарда 50-ге жуық шәкірт Құран Кәрім мен араб тілінен жарысқа қатысты

Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінде Құран Кәрім және Араб тілі пәндерінен арнайы бекітілген ереже бойынша жарыс өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Орталық Мәшһүр Жүсіп мештінің баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлының айтуынша, 25-30 жас аралығындағы жастар қысқа сүрелерді жатқа айтып, шәкірттердің қырағатқа сай Құран аяттарын оқуына және діни терминдерді білуіне баса назар аударылды. Бүгінде аталмыш оқу орнында еліміздің он өңірінен келген шәкірттер білім алуда. - Медреседе оқылатын барлық пәндер маңызды. Дегенмен Құран және араб тілі - негізгі пәндердің бірі. Шәкірттердің осындай жоғары көрсеткішке ие болуына Ербол Құдабаев, Есенбек Совет және Берікбай Германұлы секілді білімді әрі тәжірибелі ұстаздардың еңбегі зор. Медресе әкімшілігі алдағы уақытта мұндай жар…

0
0
1209