Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шығармашылық кеш

2016 жылғы 27 мамыр күні аудандық кітапхананың ұжымы ресурстық жастар орталығының әдіскерімен бірлесе отырып жас жанып келе жатқан жұлдызшамыз Кузьгова Лиданың  «Моей души признанье...» өлеңдер жинағының шығармашылық кешін ұйымдастырды. Бұл кешке «Ветеран» , «Жыр жауһар» клубының мүшелері, мұғалімдер, ішкі саясат бөлімі, оқушылар және Лиданың ең жақын адамдары- ата- анасы қатысты.

Шараның мақсаты- көпшілік жастардың қазіргі заманғы поэзияға және әдебиетке, кітапханаға деген қызығушылығын арттыру еді. Лиданың бұл шығармашылық кешінің  тұсаукесеріне арнайы Павлодар облысының ақыны әрі журналист, ҚР мәдениет қайраткері Григорьева Ольга Николаевна келіп қатысты. Іс- шара ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Жанабаевтың сөз сөйлеуімен ашылды.

Шара барысында жас ақын қызымыз Лидия Кузьгова өзінің  «Казақстан Республикасы», «Рахмет саған Ана», «Чернобыль», «Ауғаныстан соғысының батыры», «Менің туған жерім» және т.б. өлеңдерін оқыды. Жас қызымыздың бейнетаспа ретінде өмірінен кішкене үзінді де көрсетілді.

Осы орайда музыка мектебінің тәрбиеленушілері Д. Сайлаубек және «Камертон» ансамбілі музыкалық бағдарламаларымен қуантты. Іс- шара барысында Лида сыныптастарымен бірге ингуш тілінде ән орындады.

Шақырылған қонақтардың ішінде Ольга Григорьевнаның шығармашылығын сүйсіне оқитын оқырмандар да келді. Айта кетсек, «Радуга» мектептен тыс жұмыс орны оқу бөлімінің орынбасары А.С. Омарова және «Шарбақты ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-нің директоры сөз сөйлеп, барлық қонақтарға, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

0
0
1263

Осы тақырып бойынша

Шығармашылық кеш - Yvision.kz