Мазмұнға өту
CRMI

ЖБДО ЦРМИ

@CRMI

Сайтта 2014 ж. 7 желтоқсанКазахстан, Павлодар

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік жастар саясатының іске асуы және таратылуы! Реализация и освещение государственной молодежной политики по Павлодарской области

рейтинг

100

жазбалар

1 265

пікірлер

13

тіркелуші

21

жазылымдар

11

«Made in Әже» көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Қазан айы – қариялардың айы. Егде тартқан жандарға қамқорлық танытып, құрмет көрсету қазақтың қанында бар қасиет. 1 қазан - Дүниежүзілік қарттар күні. Мерейлі мерекеге орай 30 қыркүйек күні  Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» «Made in Әже» көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырады.

Бұл шарада әжелеріміз жастарға өздерінің сүйікті істерінің тәжірибесімен  бөлісіп, мастер-класстарын көрсетеді.Оған қоса әжелеріміз  қолөнер бұйымдары, ғасырлар бойы сақталған аспаздық құпия, үлгілі ана, табысты әйел болудың қыр-сырын үйретпек. Мерекелік іс-шараға  қатысам деген әжелерге орталық есігі әрқашан ашық.

30 қыркүйек күні сағат 16:00 де өтетін «Made in Әже» көрме-жәрмеңкесіне қала тұрғындары мен қонақтарын  шақырамыз. Қарттар – біздің асыл қазынамыз.

 

Біздің мекен-жайымыз: Ломов38 көшесі, 1.02 кабинеті.

Байланыс телефоны: 66-12-45

 
0
0
2799

«Жас кәсіпкер мектебі»

Баянауыл ауданында жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында, Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі және «Жастар орталығы» КММ-мен бірлесе отырып, Баянауыл ауданының Аграрлық-техникалық коледжінің студенттері және аудан жастарының қатысуымен «Жас кәсіпкер мектебі» атты семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында «Жастар бастамаларын дамыту ортылығы» КММ-нің бизнес-тренеры Мамыканов Азат «Ауылды аймақта іске асырылатын Startup-идеялар байқауы» туралы масстер-класс өткізді.

Мастер-классқа қатысушылар өздерінің бизнес-жобаларын көрсетіп, потенциалды инвесторларымен танысуға мүмкіндік алды. Кездесу жастардың көңілінен шығып, өздерінің толықтырылмаған ақпараттарын сұрақтары арқылы толықтырып, көптеген пайдалы мәләмет алды.

«Жастар орталығы» КММ директоры Р.Ильдин

0
0
516

Фестиваль семьи «Мейірімді отбасы»

Областной фестиваль семьи "Мейірімді отбасы" прошел в Павлодаре. Конкурс посвятили 25-летию Независимости Республики Казахстан и  Дню семьи.

Восемь молодых семей, завоевавших призовые места на городских и районных конкурсах, встретились 21 сентября в Доме Дружбы. Для них в фойе была организована выставка семейных фотографий.

Фестиваль начался с чествования молодоженов, заключивших брак в год 25-летия Независимости, а также семей с малышами, рожденных в этот знаменательный год.  В начале праздника по казахской традиции бабушка Кажы дала «Ак бата», пожелав им семейного счастья, крепкого здоровья, достатка и благополучия.

Самые лучшие номера показывали со сцены участники фестиваля: пели дуэтом семейные пары, молодые семьи с детьми, показывали сценки, посвящали стихи прекрасной половине человечества, показывали удивительную историю любви.

В качестве почетных гостей были приглашены заместитель акима Павлодарской области Мейрам Бегентаев, руководители управлений, члены Ассоциации деловых женщин, Дом Мамы, опекуны, кризисный центр для женщин и другие.

Завершился фестиваль семьи награждением участников благодарственными письмами и подарочными сертификатами на бытовую технику.

0
0
975

«Қалқа жүрек» атты кітабының тұсаукесері мен шығармашылық кеші

Үлпілдек қылған үмітті,

Көделі, дархан атырап.

Жаратқан ақын жігітті,

Сол асыл қара топырақ.

(Ерболат Әміре)

Өлең десе ішкен асын жерге қоятын жұрттың қарасы көп. Осы сөзге дәлел Екібастұз қаласының «Ата - Мұра» орталығына жиналған кешегі өнер сүйер, жыр сүйер қауым. Жас ақын Ерболат Әміренің «Қалқа жүрек» атты кітабының  тұсаукесері мен шығармашылық кеші өтті. Журналисттер одағының мүшесі, «Отарқа» газетінің редакторы қызметін атқарған Садуақасов Жассерік  Жалелұлы жүрек жарды тілегімен кештің шымылдығын ашты. Керекулік айтыскер, ақын Жүгінісова Алмагүл жүргізген кеште осы шараның өтуіне мұрындық болған. Бүгінгі күні Ерболаттың ұстазы, ақын Алмагүл Жүгінісова.

Кеш сұхбат түрінде өрбіді.Әдеби кеш болған соң ақын сиясы кеппеген өлеңдерін оқып, Екібастұз жұршылығының қошеметіне бөленді. Бұл кешке Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» қызметкерлері арнайы барып, құттықтау лебіздерін жеткізді. Жастар бастамаларын дамыту орталығының 2016 жылдың үздік жобаларының бірі «Тұлға жолы» экпедиция аясында Ерболатпен жақын араласып,  жақын бауырына айналғаның  жоба жетекшісі Ғабит Хафиз жеткізді. «Тұлға жолы» жобасының  қатысушылары және ұйымдастырушыларының атынан естелік сый-сияпатын табыстап және құттықтау сөзімен Мақпал Шәкібаева жалғай түсті. Павлодар облысының «Алдаспан» ақындар клубының жетекшісі, журналист Замира Солтан керекулік жас ақындар атынан құттықтау сәлемін жеткізді. «Алдаспан» ақындар клубының мүшесі, айтыскер ақын Алтынбек Мақсатхан өнердегі досы Ерболатқа өзінің арнауын арнады.

Құттықтау лебіздерімен ақынның мектептегі ұстаздары да көрінді. Алғаш болып Ерболаттың ақындық өнерін байқаған да осы жандар. «Зерде» дарынды балалар мектебінің оқушылары ақынның өлеңдерін оқыса, достары әуезді әндерін орындады. Көп уақыт өтпей бәріміз күткен «Қалқа жүрек» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Салтанатты рәсім «Ата-мұра» орталығының директоры Төлеубаева Нұрсұлу Еркебайқызына бұйырды.

Абай атамыз « Ақындық-Алланың адамға берген сыйы» деген екен. Яғни, бұл бойыңа бала жасыңан, анаңның сүтімен бірге даритын қасиет деген сөз. Екібастұзда да сөздің мәнін түсінетін жас-тардың бар екенін біліп қуандық. (Сайлау Байбосын)

Іздейді мені сол өзен,

Іздейді ауыл, тал, ағаш.

...Емдеші мені тез, Өлең,

Жүрегім менің жара,рас!

 

***Сағымым тербеп күні-түн,

Туған жер шақырғанымен.

Қуантар ақын жігітін

Құр ғана топырағымен.

     
0
0
2347

Жаңа оқу жылына –жаңа жоспарлармен!

Бүгін облысымыздың білім басқармасының ұйымдастыруымен «Павлодар облысының білім беру мекемелерінде«Поколение+» мәдени-білім беру жобасын іске асыру» семинары өтті.

Семинарға қатысқан ұстаздар, оқушылар, ТжКО ұйымдарының директорлар орынбасарлары  облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жанынан құрылған «Жас шебер» және «Жас археолог» үйірмелерінің жұмысымен танысуға мүмкіндік алды. «Поколение+» жобасының іске асырылуында  технологиялық колледж студенттерінің тәжірибесі қызығушылық туғызды.Сонымен қатар олар өңіріміздегі Мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуының негізгі бағыттары жайлы, Жастар бастамаларын дамыту орталығының клубтары және жоспарланған іс-шаралар туралы жан-жақты ақпарат алды.

Барлық сөз алғандардың арасындағы негізгі ойы еліміздің Тәуелсіздігінің 25-жылдығын жас ұрпақ шығармашыл, креативті әрі жоғары ұйымдастырушылық және идеологиялық деңгейде қарсы алуға дайын екендігі жайлы болды.

0
0
455

Құрметті Кеңес құрамына үміткерлер мен дауыс беруге қатысушылар!

Жастар саясаты бойынша Кеңес құрамына үміткерлерді іріктеудің екінші кезеңі шеңберінде, дауыс беру а.ж. 10 қыркүйегінде, сағат 24.00 де аяқталады.

Кеңес құрамына онлайн-дауыс берудің қорытындысы бойынша ең көп пайыз «Қолдаймын!» дауысын жинаған 10 үміткер кіреді.

Іріктеудің үшінші кезеңіне сәйкес, жеңімпаздар облыс әкімі жанындағы жастар саясаты және патриоттық тәрбие беру жөніндегі кеңес құрамына енгізіліп, 30 қыркүйек күні облыстық жастар Форумы аясында таңыстырылатын болады.

Дауыс беруге белсеңді қатысып, әділ баға бергендеріңіз үшін алғыс айтамыз!

 

0
0
562

Жастардың бос уақытын қамтуға арналған сайттың презентациясы бойынша

Бүгінгі күннің маңызды мәселелердің бірі балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қамту болып табылады. Осыған орай жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен Павлодар облысы бойынша мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар ұсынатын шаралар мен бірегей клубтық-үйірмелік жүйе бойынша мобильдік қосымша, сайт жасату жоспарланған.

Бұл Қазақстанда бұрын болмаған жаңа жоба. Сайт арқасында әрбір жас адам өзінің талғамы мен қызығушылығына, уақыты мен қаражатына қарай бос уақытын өткізетін орын таба алады.

Осы арқылы бір уақытта бірнеше тапсырманы орындауға мүмкіндік бар:

-  Бос уақытын қамту ұйымдарынын жүйесін дамыту;

-  Жастардың дарындылығын дамыту;

-  Аймақтың тартымдылығын жоғарлату;

-  Жастарды жұмыспен қамту;

-    Жасампаз істер арқылы өз ойын білдіру мен сындарлы салаға күш жұмсау арқылы қылмыс санын азайту;

-  Адал бәсекелестікті қалыптастыру;

-   Қоғамдық жүкетемені мемлекеттік органдардан қоғамдық ұйымдарға көшіру.

Біздің бүгінгі басты міндетіміз жастарды дұрыс жолға салып, «Қазақстан 2050» бағдарламасын орындау.

Сайттың  ресми тұсаукесері а.ж. 30 қыркүйегі күні, Облыстық жастар форумы шеңберінде өтеді.

 
0
0
1204

«Заманауи Қазақстандағы инновациялық даму және ғылымның талабы»

Павлодар облысының жас ғалымдар кеңесі «Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының» ММ қолдауымен 2016 жылы 22 қазанда, докторанттардың, магистранттардың, студенттердің (29 жасқа дейінгі) «Заманауи Қазақстандағы инновациялық даму және ғылымның талабы» Республикалық жас ғалымдардың конференциясын өткізеді. Конференцияға қатысу үшін ғалымдар, докторанттар, магистранттар, студенттер шақырылады.

Конференция жұмысына қатысу  туралы ақпаратты қонақ үйде орынды брондау, келетін күнін 2016 жылдың 7 қазанға дейін хабарлау.

Кеңес алу үшін мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Павлодар қ., Ломов к-сі, 38, ММ "Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы", ақпараттық-талдамалық қызмет, жастар бастамаларын үйлестіру бөлімі,тел8 (7182) 66-09-11.

Конференция материалдарын жариялау үшін 2016 жылдың 5 қазанына дейін  анықтамасын ұсынған электрондық поштаға жауапты хатшы толтырылған тіркеу нысанын және А4 қарқынды, Microsoft Оffice Word редакторында 6 беттен аспайтын мақаланы жіберу қажет.

ҚАТЫСУШЫНЫҢ ТІРКЕУ ФОРМАСЫ

Тегі______________________________________________________________________

Аты__________________________________________________________________________

Әкесінің аты______________________________________________________________________

Ұжым, қызмет____________________________________________________________________

Үйдің мекен-жайы_________________________________________________________________________

Байланыс телефон______________________________________________________________________

E-mail________________________________________________________________________

Секция_______________________________________________________________________

Баяндаманың атауы(толық атауы) __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Баяндамашы туралы ақпарат (болған жағдайда)_________________________________________

Мен ниеттімін :

мәжіліс секциясына баяндамамен қатысуға;

сырттай қатысуға.

0
0
799

Конкурс ко Дню семьи «Ақ босаға» для влюбленных пар!

Ко Дню семьи проводится городской конкурс «Ақ босаға»!

Для участия в Конкурсе приглашаются семейные пары и пары, подавшие заявление на регистрацию заключения брака, проживающие на территории города Павлодара в возрасте до 29 лет.

Заявку, на участие в конкурсе  необходимо предоставить в офис                     МОО «Кенжекөл жастары» до 9сентября 2016 года по адресу: г. Павлодар, ул. Ломова, 38, каб. 1.06, эл. адрес: [email protected].

Городской Конкурс «Ақ босаға» проводится в II этапа:

I этап – Прием и оформление заявок по установленной форме (Приложение №1), которые необходимо предоставить в офис МОО «Кенжекөл жастары» до 9сентября 2016 года по адресу: г. Павлодар,ул. Ломова, 38, каб. 1.06, эл. адрес: [email protected].

12сентября 2016 года в 18-00 часов в офис МОО «Кенжекөл жастары» по адресу: г. Павлодар,ул. Ломова, 38, каб. 1.06,организаторы Конкурса проводят собеседование с парами, подавшими заявки на участие в конкурсе.По итогам собеседования формируется список участников конкурса (не менее 10 пар). С участниками конкурса, отобранными в результате собеседования, проводятся репетиционные занятия с 13 по 15 сентября 2016 года (по определенному графику репетиций).

II этап – Финал Конкурса, который состоится 16 сентября 2016 года (пятница) в 11-00 часов по адресу: г. Павлодар,ул. Ломова, 38,холл «Центра обслуживания молодежи». Справки по тел.: 8 (7182) 66-09-11,Бутерус Зоя Леонидовна - 87013553446.

Творческие задания семейным парам в рамках Конкурса

  • lovestory (видео-презентация с комментариями пары на сцене, об истории знакомства друг с другом, истории семьи;
  • творческий номер до 3 минут (показ на сцене);
  • домашние задание на тему «Чем богат наш семейный очаг».

Приложение №1

ЗАЯВКА

на участие в Конкурсе ко дню семьи«Ақ босаға» в 2016 году

1. Ф.И.О. (жениха/невесты; мужа/жены)

__________________________________________________________________

 

2. Возраст участников _______________________________________________

3.Род деятельности (место учебы/работы)

4. Дата создания семьи/пары__________________________________________

5.Интересные факты о Вашей паре____________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

6. Цель участия в конкурсе___________________________________________

7. Контактные сведения (телефон, адрес)_____________________________

__________________________________________________________________

8. Что является важным условием для создания счастливой семьи, по вашему мнению?___________________________ ________________________

__________________________________________________________________

9.Ваше пожелание другим семейным парам и участникам конкурса:

_______________________________________________Ф.И.О.                                                                                                          Подпись

0
0
521

«Ақ босаға» қалалық байқауы Отбасы күніне арнайы өткізіледі.

«Ақ босаға» Қалалық байқауы Отбасы күніне арнайы өткізіледі. Байқауға қатысу үшін Павлодар қаласының аумағында тұратын 29 жасқа дейінгі неке қиюды тіркеуге өтініш берген отбасылық жұп және жұптар шақырылады.

Байқауға қатысу үшін Өтінімді  «Кенжекөл жастары» ЖҚБ кеңсесіне 2016 жылдың 9  қыркүйегіне дейін мына мекен - жай бойынша тапсыру қажет:   Павлодар қаласы, Ломова көшесі, 38 үй, 1.06 кеңсе, эл. адрес: [email protected].


Байқаудың өткізілу уақыты мен орны, реті.

«Ақ босаға» Қалалық байқауы II кезеңнен тұрады:

I кезең– Қабылдау және өтінімдерді ресімдеу, белгіленген нысан бойынша (қосымша №1), "Кенжекөл жастары" ЖҚБ 9 қыркүйегіне дейін                  2016 жылғы мына мекен-жай бойынша тапсырылу қажет: Павлодар қ., Ломов көшесі 38,1.06 кеңсе, эл. адрес: [email protected].

12 қыркүйек 2016 жылы 18-00 де «Кенжекөл жастары» ЖҚБ кеңсесінде мына мекен- жай бойынша: Павлодар қ, Ломова көшесі, 38, 1.06 кеңседе, Байқаудың ұйымдастырушылары байқауға қатысуға өтінім берген  жұптармен сұхбат өткізіледі.Сұхбаттың қортындысы бойынша байқауға қатысушылардың тізімі құрылады (10 жұптан кем емес). Сұхбаттың нәтижесінде 2016 жылдың қыркүйегінде 13  мен 15  аралығында қатысушылармен бірге дайындық өткізіледі (дайындық белгіленген кесте бойынша).

II кезең– Байқаудың мәресі,  2016 жылдың 16 қыркүйегінде  (жұма) сағат11-00 де мына мекен-жай бойынша: Павлодар қ,Ломова көшесі, 38, «Жастарға қызмет көрсету орталығы» холлда өткізіледі. Анықтама телефоны: 8 (7182) 66-09-11, Бутерус Зоя Леонидовна - 87013553446.

Жұп-қатысушылар 2016 жылы облыстық байқауды ұйымдастыру бойынша отбасы Күніне орай іс-шараға қатысуға қызығушылық танытуы мүмкін.

ӨТІНІМ

1. Т.А.Ә. (күйеу жігіт/қалыңдық; күйеуі/әйелі)

________________________________________________________________

2. Қатысушылардың жасы _______________________________________________

3.Қызмет түрі (оқу орны/жұмысы)

4.Отбасы/жұп құрған күн__________________________________________

5. Сіздің жұбыңыздың қызықты оқиғасы____________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

6. Байқауға қатсу мақсаты___________________________________________

7.Байланыс мәліметтері(телефон, мекен-жай)_____________________________

________________________________________________________________

8.Сіздің ойыңызша бақытты отбасын құру  үшін қандай шарт маңызды болыптабылады?___________________________ ________________________

__________________________________________________________________

9. Басқа отбасылық жұптарға және қатысушыларға тілегіңіз:

 

_______________________________________________Т.А.Ә.                                                                                  Қолы

 
0
0
1174