Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жастар орталығы марапатталды
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Жастар бастамаларын дамыту орталығының қызметкерлерін жастар саясатының дамуына қосқан зор үлестері мен еңбектері үшін марапаттады. Өзінің алғашқы құттықтау сөзімен жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Нефедова Наталья Владимировна жыл бойы атқарылған жұмыстардың жемісімен бөлісіп, әр қызметкердің орталық үшін маңызды тұлға екенін атап өтті. Сондай-ақ, Павлодар облысының әкімі Бақауов Болат Жұмабекұлының атынан Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Садықова Айгүл Абылайханқызына көп жылғы ерен еңбегі, өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуына елеулі үлесі үшін құрмет грамотасын табыстады. Айгүл Абылайханқызы болса, желтоқсан айының үздік қызметкерін анықтап, ж…