Жалғыздың үні шықпас!
Бүгін осы бір қанатты сөздің мәнісін Жастар бастамаларын дамыту орталығының қызметкерлері мен ЖОО белсенділері бір-біріне түсіндірмек болды. Орталық директоры уақыттарын қиып келген барлық қатысушыларға жылы ілтипатын білдірді. -Біз әрдайым Орталықта жас еріктілер, жайдарманшылар, барлық жалындап тұрған жастарды көргенімізге қуаныштымыз. Әр ЖОО, әр коллдежде үздік болғысы келетін, көшбасшы болғысы келетін өз белсенділері бар. Ендеше, бір-бірлеріңізді қолдаңыздар, танысыңыздар! Қоғамдық істің адамды баулап алуы жағдайына Павлодар облысында көптеген жарқын мысалдар бар. Кезінде өз оқу орындарының, қалалық, облыстық, республикалық шараларда белсенді қатысып жүрген студенттерді қазір табысты азаматтар ретінде танимыз. Бұл кездесуде бүгінгі күні көптеген қоғамдық іс-шаралардың басы-қасында жүр…

