Павлодар облысынан қысқы Универсиадаға кімдер қатысады?
Санаулы күндерден кейін жалауын желбірететін қысқы Универсиадаға Павлодар облысынан 10 спортыш қатысады. Олар әлемдік додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүрген сайыпқырандар. Ендеше таныс болыңыздар, жанкүйер болыңыздар!
Максим БРАУН – 1993 жылы 16 сәуірде Павлодар қаласында дүниеге келген. Биатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2015 жылы Испания мен Словакияда қатар өткен ХХVII қысқы Универсиаданың аралас эстафетасында күміс жүлдегер атанды.

Дарья РЯЖО – 1995 жылы 11 қыркүйекте дүниеге келді. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенті. Шаңғы спортынан спорт шебері. Жастар арасында Қазақстан чемпионы (2012 жыл).

Владимир ГРЕБЕНЩИКОВ – 1992 жылы 20 қарашада дүиеге келген. Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі.

Михаил РАХМАНОВ – 1992 жылы 27 мамырда дүниеге келді. Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғайды. Ел чемпионатындағы үздік сұр мергендердің бірі.

Ирина БЫКОВА – 1993 жылы 6 шілдеде дүниеге келген. Шаңғы спортынан спорт шебері.

Дарья УСАНОВА – 1989 жылы 6 қыркүйекте дүниеге келген. Биатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2014 жылы Сочи Олимпиадасында ел намысын қорғаған.

Тимур КУЦ – 1995 жылы 9 мамырда дүниеге келген. Биатлоннан спорт шебері.

Антон ПАНТОВ – 1991 жылы 25 наурызда дүниеге келген. Биатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2014 жылы Сочи Олимпиадасында ел намысын қорғаған.

Александра САСИНА – 1993 жылы 8 сәуірде дүниеге келген. Биатлоннан спорт шебері.

Анна ШЕВЧЕНКО – 1993 жылы 4 тамызда дүниеге келді. Шаңғы жарысынан спорт шебері.

Алтынбек Мақсатхан
