Мемлекеттік тестті тапсыр да, қызметке орналас!
Бүгін ЖБДО-да өз Отанына қызмет жасағысы келетін, полиция қатарында жұмыс жасап, азаматтардың құқықығын қорғауға ниетті азамататарға арналған жергілікті полиция қызметіне жұмысқа орналасу мәселелсі бойынша түсіндіру жәрмеңкесі өтті.

Аталған іс-шарада Павлодар облысы ІІД ЖПҚ бастығының орынбасары Б.Б. Әлімбаев келушілерге жергілікті полиция қызметі жай-жапсарлары туралы баяндап берді.
Жұмыс Павлодар облысының әкімшілік аумақтарында жүретін болады. Ондай аумақтардың саны - 23.
Жол-патрульды полициясы батальон жұмысының ерекшеліктері жайында полиция майоры, ЖПП батальон командирінің орынбасары Ерлан Асқаров егжей-тегжейлі түсіндірді. ЖПП жұмыс істеуге ниет танытушылар келесі мекен-жайға хабарласа алады: Торайғыров к-сі, 70/1 және Иса Байзақов 131, тел.: 37-80-63, 37-80-62.

Сонымен қатар жастарды қажеті құжаттардың тізімі және ішкі істер органдары қызметіне орналасу тәртібі қандай деген сұрақтар мазалады. Бұл сұрақтардың жауабын полиция майоры, Павлодар облысы ІІД кадрлар қызметі басқармасының маманы А.Р.Рашитова берді.

Мемлекеттік тестке қатысты толық ақпаратты Мемлекеттік қызмет жұмыстары бойынша департаменттің ақпараттық телефондары арқылы білуге болады: 208361.
Бүгінгі түсіндіру жәрмеңкесіне 65 адам қатысты.
Іс-шара барысында болашақ мамандар әр түрлі қызмет мамандары жайғасқан анықтама үстелдерінен қабылдау тәртіптерін және бүгінгі күні қандай бос орындар бар екендгі жайында кеңес алудан өтті.

Жәрмеңкенің аяқталуы бойынша 2 кадрлық резерв тізімі құрылды. Олармен 23 қаңтар күні Жастар бастамаларын дамыту орталығында Қазақстан Республикасы Конститутциясын білуі бойынша мемлекеттік тестке дайындалуға жәрдемдесу бойынша кездесулер өтеді.
