Е.Ыдырысов ИЫҰ мүшелерін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Ислам ұйымын қолдауға шақырды
ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ғылым, технология және инновациялық заңнамалар мәселелері бойынша Азия Парламентаралық форумына қатысушы мемлекеттерді азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Ислам ұйымын қолдауға шақырды. «Мен барлықтарыңызды азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша Ислам ұйымын қолдауға шықырамын. 31 мемлекет осы ұйымның жарғысына қол қойды, ал 5 мемлекет жарлықты ратификациялады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Ислам ұйымы толықтай жұмысқа кірісу үшін тағы 5 мемлекет керек. Сол себепті осы мәслихатқа қатысып жатқан мемлекеттерге ұйымның жарлығын бекітуге шақырамын»,-деді Е.Ыдырысов. Аталмыш ұйымға сауда операцияларын өзектендіруден басқа, мүше елдердің ғылыми-техникалық әлеуетін нығайту және дамыту кіреді , сонымен қа…