ru
Мемлекет
Мемлекет
2 220 жазбалар14 тіркелуші
0

Н.Нығматулин: Азия парламентаралық форумы ҚР-ның Ислам қауымдастығымен ынтымақтастығын нығайтады

Азия парламентаралық форумы ҚР-ның Ислам қауымдастығымен ынтымақтастығын нығайтады, деді Азия парламентаралық форумы барысында Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

«Қазақстанымыз әрқашанда әлемдік интеграция идеясын қолдап, көптеген халықаралық ұйымдардың белсенді және беделді мүшесі атанды. Оның нақты дәлелі мемлекетіміздің Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің 2017-ші – 2018-ші жылдарға арналған тұрақты емес мүшесі болып сайлануы. Осының барлығы, әлем елдерінің Қазақстанға деген сенімі өте жоғары болуының жарқын көрсеткіші»,-деп атап өтті Н. Нығматулин.

Мәжіліс Спикері  Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіздік алған күннен бастап Азиямен, соның ішінде Ислам елдерімен ынтымақтастыққа аса мән беріп келе жатқанын айтып, соның нәтижесінде Ислам қауымдастығы елдерімен аймақтағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті нығайту, білім, ғылым және Ислам мәдениетін дамыту бағытында жеткен жетістіктердің көп екенін, соның ішінде, дінаралық және ұлтаралық татулықтың «қазақстандық моделі» қалыптасуы  әлем елдеріне үлгі болып отырғандығын айтты.

«Форум жаһандану аясындағы білім мен ғылым салаларын дамыту үшін заңнамалық база қалыптастыру мәселелері, ұлттық бағдарламалар мен басымдықтарды іске асырудағы ұлттық институттармен қарым-қатынас жолдары мен ондағы парламентария рөлі мәселелерін қарастырады. Нақты айтқанда, өндірістік секторда ғылыми техникалық өлшемдер  туралы сұрақтар қаралады», - деді Мәжіліс Спикері.

Астанада білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Азия парламентаралық форумы өтіп жатыр. Шара ғылым, технология және инновация мәселелеріне арналады. Форумға 20 елдің Парламент өкілдері мен сарапшылар, сондай-ақ, алты халықаралық ұйымның мүшелері қатысуда.

«Қазіргі таңда Қазақстанда  Елбасының  5 институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі  «100 нақты қадам»  іске асырылып жатыр.  Бұл жоспарда көрсетілгендей,  елде инновациялық саясат   қоғамның бәсекелестігін өсірудегі  экономикалық дамудың  негізі  болып табылады. Аталмыш жолда біздің ел  индустриялды - инновациялық  дамудың бесжылдығын жүзеге асырып жатыр, қазіргі таңда  аталмыш бағдарламаның екінші кезеңі жүзеге асырылуда», - деді ол.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, біздің ел әлем елдерімен жаңа технологияларды дамыту саласында  ынтымақтасуға  дайын, Бұл орайда  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы Ислам ынтымақтастық ұйымы саммитін Астанада өткізу  ұсынысы өте орынды.

«Аталмыш саммит  ғылым мен инновацияны дамытуда  халықаралық байланысты нығайтуға жаңа серпін береді. Аталмыш бағытта ислам әлеміндегі  экономикалық даму мен ғылым және технология, халықтың әлеуметтік  жағдайының   нығайғаюына  көңіл бөлу қажет», - дед ол.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz