Қазақстанда туберкулезбен күресуде барлық басым шаралар қолданылып жатыр - Дүйсенова
Алматыда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованың қатысуымен туберкулезді біріктірілген бақылау бойынша Халықаралық конференция өз жұмысын бастады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі. Тамара Дүйсенова конференция қатысушыларына Қазақстандағы туберкулезбен күресу шаралары туралы мәлімдеді. «Мемлекет басшысының Туберкулезбен күрес ұлттық бағдарламасына саяси қолдау көрсетуінің, сонымен қатар, ведомствоаралық және салааралық өзара байланыс нәтижесінде соңғы жылдары елімізде аталған ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай едәуір жақсарды. Халыққа туберкулезге қарсы көрсетілетін көмектің сапасын әрі қарай жетілдіру үшін Туберкулезді бақылаудың біріктірілген моделі жасалды. Ол аталған аурумен күрестің барлық басым бағ…