Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттік қызметшілер қолдайды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) Наурызбай ауданы әкімі аппаратында «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Департаменттің, Наурызбай ауданы әкімі аппаратының, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының, Ішкі істер басқармасы, прокуратура Аудандық сот және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Балтөре Пірәлиев азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды іске асыратын қызметшілердің рухани-адамгершілік талаптарын арттыру мен мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мемлекетт…