Мұғалімдер мен ата-аналар Қазақстан Республикасы Президенті реформасын қолдайды
Медеу ауданындағы №19 мектепте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасы аясында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын жүзеге асырудағы педагогтардың рөлі» атты семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңеске Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің (әрі қарай-Департамент), Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының Медеу ауданы филиалы өкілдері, педагогог ұжымдары мен ата-аналар қатысты. Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің қызметкері Сайлау Оразов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 15 қадамына түсініктеме бере отырып, бірінші реформаны жүзеге асыру мақсатында кәсіби мемлекеттік аппара…

