Алматы қаласының жалпы білім беретін мекемелері Ұлт жоспарының «100 нақты қадамын» жүзеге асуын қолдайды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлерінің, жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей директорларының, сондай-ақ Алматы қаласының техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің қатысуымен Алматы қаласының білім басқармасының тамыз кеңесінің отырысы өткізілді. Департаменттің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Геннадий Даньяров кеңес отырысының қатысушыларына 100 нақты қадамның орындалу тәсілдерін және реформалардың жүзеге асыру әдістерін түсіндірді. Кездесу барысында Геннадий Данияров жастар арасында мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға белсенді қатысқаны үшін кейбір колледж директорларын (Алматы жолаушылар көлігі және техно…