Мазмұнға өту
Ainel_BOTA

Ainel_BOTA

Сайтта 2011 ж. 16 қазан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

9

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Білім артық болмайды

12 және 13 қарашада Білім гранттары бағдарламасының департаменті «БОТА» ҚҚ барлық үш қабылданымның шәкіртақы алушылары үшін тренингтер ұйымдастырды. Тренингтер IREX-пен бірлесе отырып жасалған болатын, және ол түрлі курстар студенттерінің қажеттіліктерін ескереді, сондықтан мазмұны бойынша да әртүрлі болды. Назгүл Ізбасарованың жаңалығы. Дәстүр бойынша, студенттерді оқу үдерісінен үзбеу мақсатында тренингтерді өткізу уақыты ретінде демалыс күндер таңдалған болатын. Бірінші курс студенттері «Қоғамдық жұмыс» тақырыбындағы семинар шеңберінде сабақ алды, бұл семинар еріктілік жұмысының маңызы, «БОТА» Қорының БГБ қоятын талаптары, уақытты басқару және тиімді коммуникациялар сияқты мәселелерді қамтыды. Семинарға арнайы Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасының (ӘҚҚБ) грант алушылары болып т…

0
0
458

Болашаққа үміт

Балалардың қараусыз қалуы қоғамның ең көкейкесті проблемаларының бірі болып отыр және әдетте осы мәселеге көбінесе жағдайы нашар отбасылардағы балалар ұшырайды. «Болашақ» ҚБ-гі «БОТА» Қорының қаржылық қолдауымен «Шаг навстречу (Қол ұшын беру)» жобасын жүзеге асыра отырып, дәл сондай отбасылардан шыққан жасөпірімдермен жұмыс жасауда. Ұйым әлеуметтік қауіп бар топтардағы балалармен жұмыс жүргізетін 11 клубты біріктіріп отырғанына қарамастан,жоба шеңберінде Алматы облысы, Іле ауданының «Дидар» (Өтеген батыр ауылы) және «Үміт» (Жетіген ауылы) балалар-жасөспірімдер клубтарына қатысушы балаларды ғана қамту ұйғарылды. «Бұл – кездейсоқ шешім емес, өйткені статистикаға сай дәл осы елді мекендерде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың ең жоғары деңгейі тіркеліп отыр. Біз психолог көмегіне аса…

1
0
790

Хабарлағымыз келеді!

26 қазанда Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасының (ӘҚҚБ) 4-ші гранттық байқауына сұранымдарды қабылдау кезеңі аяқталды. Қазақстанның түгел аймақтарындағы ондаған коммерциялық емес ұйымдар «БОТА» Қорына балалар мен жастардың өмірін жақсарту саласындағы 160 жоба жолдады. Әйнел Қайназарова хабарлайды. Байқау ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде басталды және 26 телеарна мен 70 газеттің қолдауының арқасында жергілікті және республикалық БАҚ-да жариялануы бойынша ең ауқымды шаралардың біріне айналды. Бұл жайт, әрине, нәтижесіне де ықпалын тигізбей қоймады. Байқауды жариялаған сәттен бастап тура бір айдан кейін ӘҚҚБ мамандары ең соңғы тапсырысты тіркеп, қорытынды шығарды. Соның нәтижесінде көрсеткіштер былтырғы жылдан асып түскені айқындалды: былтыр 122 тапсырыс тіркелген болса, биыл оның сан…

1
0
510

IREX медиа-координаторының келуі

«БОТА» Қорына Қазақстанда өз бағдарламаларын жүзеге асыруға көмек көрсетіп жүрген IREX халықаралық ұйымының вашингтондық кеңсесінің медиа-координаторы Джейсон Вуонг До Алматыға келіп кетті. Сапар шеңберінде ол 3 тренинг өткізді. Роман Райфельдтің мақаласы. Тренингтің біреуі адамның өз ойлары мен идеяларын Powerpoint тұсаукесерлері арқылы жеткізе білуіне қатысты болды. Мұндай тұсаукесерлердің негізгі ережесі 10, 20, 30 үш саны арқылы айқындалады. Тұсаукесер орташа есеппен алғанда 10 слайдтан тұруы тиіс, өз идеяңызды жеткізу үшін ең тиімді уақыт – 20 минут, ал 30 дегеніміз – слайдта қолданылатын шрифтінің ең шағын мөлшері болып табылады. Екінші тренинг коммуникация өнерінің жалпы бөлімдеріне арналды. Онда «БОТА» қызметкерлері әріптестерімен, келушілермен, игілік көрушілермен, еріктілермен,…

0
0
513

«Жылы» шығармашылық

Балалар жазушысы Дария Жұмагелдинованы казақстандық Агния Барто десе де болады. Оның өлеңдерін, ертегілері мен әңгімелерін түрлі жастағы оқырмандар оқиды. Жақында «БОТА» ҚҚ жазушының шығармашылығын балаларға жеткізу мақсатында жазушы мен «Жанұя» балалар үйі тәрбиеленушілері арасында «шығармашылық диалог» орнатты. Әйгерім Қасымова баяндайды. Дария Түкеновна басында тек ересек аудиторияға жазатын. Алайда Қазақстанда балалар әдебиетінің жетіспеушілігін байқаған ол балаларға және балалар туралы жаза бастады. Шығармашылығындағы жаңа бастама сәтті болып, балалар жазушысын Қазақстанда ғана емес, шетелде де мойындады. Оған әр түрлі елден алынған әдеби сыйлықтар куә. «Жанұя» мамандандырылған балалар үйі кездейсоқ таңдалып алынған жоқ. Бұл жерде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалар үшін м…

2
0
832

Есейетін кез келді

Биылғы жылдың сәуірінен бастап Батыс Қазақстан облысындағы отбасылық үлгідегі ауылда «БОТА» және «Ашық қоғам» Қорларының «Таңдау жасайтын кез келді!» жобасы іске қосылды. Оның шеңберінде психологиялық және кәсіби бағдар беру тренингтері, қызықты адамдармен кездесулер, кәсіпорындарға жасалатын экскурсиялар, еріктілікті дамыту ескерілді. Балалар үйндегі тұйық және өзіне сенімсіз балалар ересек өмірге батыл кіруге дайын жастарға айналды. «Ашық қоғам» ҚҚ-ның Еріктілер командалары координаторы Ләззат Шыңғалиеваның мақаласыБалалар үйіндегі балалар үшін еріктілік ерекше мәнге ие болып отыр, себебі олар беруге емес, алуға дағдыланған. Дәл осы себептен «Ашық қоғам» ҚҚ еріктілері жоба жүргізілген уақыт бойы балаларды еріктілік қызметіне белсенді түрде үйретті. Балалар ілескісі келген үлгінің бірі б…

0
0
533

Сәтті тандем

Білім гранттары бағдарламасының (БГБ) биылғы жылы шәкіртақы алушылары арасында «БОТАның» басқа бағдарламасы – Келісілген ақшалай жәрдемақылар (КАЖ) бағдарламасының бенефициары болып табылатын отбасылардан шыққан 11 адам бар. Солайша, екі бағдарламаның сәтті тандемі соларға қатысатын отбасылар табысы үшін жұмыс жасауда. Сәтті тандем туралы қор маманы Назгүл Ізбасарова баяндайды. БГБ гранттарының жолы болғыш иегерлері арасында Макинск қаласынан шыққан Жансая Базар бар, ол Астана қаласындағы Сауда-экономикалық колледжінде оқиды. Экономиклық колледждің бірінші курсында оқып жатқан оның 16 жасар ағасы Самғат Жақында ғана КАЖ бағдарламасының «Жұмысқа орналасу мен іскерлік мүмкіндіктері» санатында бенефициар болды. Жас жігіт үздік оқиды. Оның отбасында 6 адам бар. Анасы – мектеп кітапханашысы, а…

0
0
478

Мақал-мәтелдер

Назарларыңызға көмек, қолдау көрсетуге бағытталған мақал-мәтелдерді ұсынамыз. Құдықтан су ішкен, Қазғанға рахмет айтады. Ағашты көлеңкелеген, Еккенге рахмет айтады. ******************* Он адам жүрген жерде із қалады, Жүз адам жүрген жер - соқпақ, Мың адам жүрген жерде жол қалады. ******************* Кісіні кейде таршылық сынайды, Кейде баршылық сынайды. ******************* Әркімнің өзі шығар биігі бар. ******************** Өзін ғана ойлаған, Жамандықтың белгісі. Өзгені де ойлаған, Адамдықтың белгісі. ******************** Қайырымдылық жасасаң, Қайырын өзің көресің. ******************** Кең болсаң, кем болмайсың. ******************** «Сіз» деген әдеп, «Біз» деген көмек. ********************* Азаматтық жасай алмаған адам – Бұл өмірге келмеген адаммен бірдей. ********************** Жақсылық е…

1
0
5417

Іске сәт!

Он адам жүрген жерде із қалады,

Жүз адам жүрген жер - соқпақ,

Мың адам жүрген жерде жол қалады,- демекші «жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынын» баршамыз білеміз. Бүгінде коммерциялық емес ұйым ұғымы, олардың қызметі жаңа сатыға көтерілгені жасырын емес. Жобалар да келелі. Осы ретте біздің қоғамдастық арқылы сіздер әлеуметтік, денсаулық сақтау, білім беру салаларындағы жаңалықтарды біліп қана қоймай, еліміздегі коммерциялық емес ұйымдарының осы саладағы жұмысы туралы хабардар боласыздар. Қарымды қаламыңызбен алымды ой айтудан шет қалмаңыз.  Ізіміз даңғыл жолға айналатынына сенімдімін.

2
0
1388