«Жылы» шығармашылық
Балалар жазушысы Дария Жұмагелдинованы казақстандық Агния Барто десе де болады. Оның өлеңдерін, ертегілері мен әңгімелерін түрлі жастағы оқырмандар оқиды. Жақында «БОТА» ҚҚ жазушының шығармашылығын балаларға жеткізу мақсатында жазушы мен «Жанұя» балалар үйі тәрбиеленушілері арасында «шығармашылық диалог» орнатты. Әйгерім Қасымова баяндайды.
Дария Түкеновна басында тек ересек аудиторияға жазатын. Алайда Қазақстанда балалар әдебиетінің жетіспеушілігін байқаған ол балаларға және балалар туралы жаза бастады. Шығармашылығындағы жаңа бастама сәтті болып, балалар жазушысын Қазақстанда ғана емес, шетелде де мойындады. Оған әр түрлі елден алынған әдеби сыйлықтар куә.
«Жанұя» мамандандырылған балалар үйі кездейсоқ таңдалып алынған жоқ. Бұл жерде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалар үшін мектеп, емдеу-психологиялық орталық жұмыс істейді әрі Қор қаражатына бірден екі жоба жүзеге асырылуда. Балалармен кездесуге Дария Түкенова өз кітаптарын алып келіп, оларды балалар үйінің кітапханалық қорына тегін сыйлады. «Менің шығармашылығым осы балалардың бойында оқуға деген махаббатты оятады деп сенемін» - дейді балалар жазушысы.
мен 9 жас аралығындағы 20 бала жиналған «Қызғалдақтар» отбасында өтті. Оларға нағыз ертекші келгеніне мәз болған балалар ғибратты тақпақтар мен сиқырлы әңгімелерді мұқият тыңдады. Балалар да аянып қалмады. Қонақтың сұрауы бойынша белсенді бірінші сынып оқушылары сүйікті тақпақтары мен ертегілерін айтып берді. Балаларға Агния Бартоның «Наша Таня громко плачет», ал ер балалар болса «Бауырсақ» ертегісін жақсы көреді екен. Балаларға деген ілтипатына алғысты Тимур әсерлі би орындап білдірді.
