Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мақал-мәтелдер

Назарларыңызға көмек, қолдау көрсетуге бағытталған мақал-мәтелдерді ұсынамыз.

Құдықтан су ішкен,

Қазғанға рахмет айтады.

Ағашты көлеңкелеген,

Еккенге рахмет айтады.

*******************

Он адам жүрген жерде із қалады,

Жүз адам жүрген жер - соқпақ,

Мың адам жүрген жерде жол қалады.

*******************

Кісіні кейде таршылық сынайды,

Кейде баршылық сынайды.

*******************

Әркімнің өзі шығар биігі бар.

********************

Өзін ғана ойлаған,

Жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған,

Адамдықтың белгісі.

********************

Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің көресің.

********************

Кең болсаң, кем болмайсың.

 

********************

«Сіз» деген әдеп,

«Біз» деген көмек.

*********************

Азаматтық жасай алмаған адам –

Бұл өмірге келмеген адаммен бірдей.

**********************

Жақсылық еткен, алғыс алады.

1
0
5418

Осы тақырып бойынша

Мақал-мәтелдер - Yvision.kz