Білім гранттары бағдарламасының (БГБ) биылғы жылы шәкіртақы алушылары арасында «БОТАның» басқа бағдарламасы – Келісілген ақшалай жәрдемақылар (КАЖ) бағдарламасының бенефициары болып табылатын отбасылардан шыққан 11 адам бар. Солайша, екі бағдарламаның сәтті тандемі соларға қатысатын отбасылар табысы үшін жұмыс жасауда. Сәтті тандем туралы қор маманы Назгүл Ізбасарова баяндайды.
БГБ гранттарының жолы болғыш иегерлері арасында Макинск қаласынан шыққан Жансая Базар бар, ол Астана қаласындағы Сауда-экономикалық колледжінде оқиды. Экономиклық колледждің бірінші курсында оқып жатқан оның 16 жасар ағасы Самғат Жақында ғана КАЖ бағдарламасының «Жұмысқа орналасу мен іскерлік мүмкіндіктері» санатында бенефициар болды. Жас жігіт үздік оқиды. Оның отбасында 6 адам бар. Анасы – мектеп кітапханашысы, ал әкесі уақытша жұмыс істемейді. Сондықтан бұл отбасына бірден екі бағдарламаның көмегі дер кезінде көрсетілді десе де болады.
БГБ тағы бір шәкіртақысын алушы Қызылорда облысынан шыққан Асылайым Зулпыхарова «БОТА» бағдарламаларымен жақсы таныс. Ол Қордың білім грантын алып, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі» мамандығына түсе алғанына өте қуанышты. Оның отбасы КАЖ бағдарламасының «Мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру» санатында көмек алуда, оның сіңілісі Әсемай бес жаста және ол Бағдарлама арқасында бала бақшасына барады. Отбасы өте қарапайым тұрады. Анасы Асылайым үй шаруасын жүргізеді, ал әкесі 3 топтағы мүгедек.