IREX медиа-координаторының келуі
«БОТА» Қорына Қазақстанда өз бағдарламаларын жүзеге асыруға көмек көрсетіп жүрген IREX халықаралық ұйымының вашингтондық кеңсесінің медиа-координаторы Джейсон Вуонг До Алматыға келіп кетті. Сапар шеңберінде ол 3 тренинг өткізді. Роман Райфельдтің мақаласы.
Тренингтің біреуі адамның өз ойлары мен идеяларын Powerpoint тұсаукесерлері арқылы жеткізе білуіне қатысты болды. Мұндай тұсаукесерлердің негізгі ережесі 10, 20, 30 үш саны арқылы айқындалады. Тұсаукесер орташа есеппен алғанда 10 слайдтан тұруы тиіс, өз идеяңызды жеткізу үшін ең тиімді уақыт – 20 минут, ал 30 дегеніміз – слайдта қолданылатын шрифтінің ең шағын мөлшері болып табылады.
Екінші тренинг коммуникация өнерінің жалпы бөлімдеріне арналды. Онда «БОТА» қызметкерлері әріптестерімен, келушілермен, игілік көрушілермен, еріктілермен, серіктестермен, студенттермен, коммерциялық емес ұйым өкілдерімен және басқалармен электрондық пошта, телефон, әлеуметтік желілер, жеке кездесулер т.с.с. арқылы тілдесу машықтарынан тұрды. Д.Вуонг До Даму департаменті қызметкерлеріне арнап сүретке түсіру өнері бойынша тәжірибелік семинар өткізді. Мұндай өнердің Қор жобаларының табыстарын дұрыс және сапалы жасалған фотосүреттер арқылы көрсетудің маңызы зор емес пе?!
Алматыдан кетер алдында IREX маманы «БОТА» Қоры қаржыландырып отырған Келісілген ақшалай жәрдемақылар бағдарламасының облыстағы бенефициарларымен және Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасының игілік көрушілерімен интервью мен фотосессиялар өткізді. Жиналған материалдар IREX медиа қорларында жарық көретін болашақ мақалалар негізін қалайтын болады.
