Адамзаттың алаңдауына не себеп?
|
28.09.12.
2030 жылға қарай 100 миллион адам қайтыс болып, әлемдік ішкі жалпы өнім 3,2 пайызға құлдырайды.
Мұндай сұмдық деректі DARA гуманитарлық орталығы жариялады. Миллиондаған адамның шейіт болуы мемлекетаралық соғыстан емес, әлемдік жылынудың кесірінен болғалы тұр. Ауаға тым көп жайылған парникті газдың кесірінен, мәңгілік мұз жамылған солтүстіктегі мұзтаулардың еруі, соңғы кезде жедел жүріп жатқанға ұқсайды. Күннің күрт жылуы онсыз да шөлді-шөлейтті аймақтарда отырған мемлекеттер үшін үлкен қасіретке айналамақшы. Қуаңшылықтың арты аштыққа, түрлі аурулардың таралуына алып келері айқын. Оның үстіне жұтым судың да табылмауы жұдырық үстіне жұдырық болары белгілі. Мұның арты адамдардың миллиондап қырылуына жол ашпақ. Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ |
