Мазмұнға өту
AIKYN

«Айқын»

@AIKYN

Сайтта 2012 ж. 1 қыркүйекКазахстан, Алматы

Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б

рейтинг

250

жазбалар

116

пікірлер

2

тіркелуші

3

жазылымдар

0

Сұлтан Срайылов, Оңтүстік Қазақстан циркінің бас директоры: «Қара жорға» билейтін үш қонжыққа көрермен тік тұрып қол соғады

- Оңтүстік Қазақстан циркі Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына орай пайдалануға берілгені белгілі. Архитектуралық сәулеті өзгеше көз тартатын ғимараттың дизайн авторы кім?- Астана, Алматыдан кейінгі Қазақстанның үшінші қаласы - Шымкент өте көрікті, сәулетті, халқының саны жылдам өсіп келе жатқан көне шаһар. Тарихи орталықтың қанат жайып, өркендеуіне Елбасының өзі тікелей назар аударып, қамқорлығына алып отыр. Соның нәтижесінде еліміздегі төртінші цирк өткен жылы біздің қаламызда бой көтерді. Бұл жергілікті тұрғындар үшін Тәуелсіздік тойында тартылған үлкен сый деп ойлаймын. Шымкенттің сән-салтанатын арттыра түсу үшін жаңа ғимараттың келбеті сөзсіз айрықша болуы керек еді. Сол талапқа сай архитектуралық шешім өте ұтымды әрі сәтті шыққан. Сырт пішіні жаужүрек батырлардың күміс дулығасына ұ…

1
0
992

Сүндет БАЙҒОЖИН, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының әншісі: Бас жүлдені алған жалғыз қазақпын

- Орда бұзар отызға толмай жатып Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері атандыңыз. Естуімізше, елордамыздағы Қазақ Ұлттық музыка академиясына келіп, білім алуыңызға сол кездегі Арқалық қаласының әкімі ықпал еткен көрінеді. Сол рас па? - Негізі, менің өнер жолына түсуіме ықпал еткен адамдар көп. Сол адамдардың өтініші бойынша Арқалық қаласы әкімінің Астанаға келуіме көмек бергені рас. Себебі қала басшысының қашанда қолы ұзын ғой. Ал ата-анамның ешқайсысы әнші емес еді. Әкем көркемөнерпаздар ұжымында мандолинде ойнағанымен, менің өмір жолымды өнер жолымен түйіседі деп ойламаған болар. Өйткені отбасында төрт баланың ішінде мен ғана өнерде жүрмін. Расын айтқанда, мектеп қабырғасында оқып жүргенде, болашақ мамандығымды таңдауда қатты қиналдым. Себебі ер- азаматтың мамандығы отбасын ешбір алаңс…

1
0
2775

Сөзі жаттаулы, бейнесі сақтаулы

Егер тірі болғанда Алтынбек Сәрсенбаев елуге келер еді. Бірақ амал қанша. «Жазмыштан озмыш жоқ» дегендей қырық төрт жасында мерт болды. Алтынбек қысқа ғұмырында халқына шынайы берiлгендiктiң, сүйiспеншiлiктiң, жанашырлықтың, қамқоршы қайраткерлiктiң өнегелi үлгiсiн көрсете бiлдi. Шыны керек, қоғам қайраткерi, күрескер екенiн көзi тiрiсiнде-ақ дәлелдеп берген азамат. Ол ел, жер, саясат туралы, адамдық, имандылық қасиеттер, кiсiлiк, кiшiлiк туралы дер кезiнде өткір сөйледi. Халыққа қызмет ету керек екенiн, тек қана билiк жүргiзу емес, елдің сөзiн тыңдап, санасу қажеттiлiгiн де дер кезiнде айтты. Халықтық демократияны қолдады. Алтынбек Сәрсенбайұлы шын мәнiнде мемлекетшiл, халықшыл, ұлтжанды, нағыз демократ азамат болатын. Отыз жасында министр болды. Министр бола жүріп, қазақ баспасөзі үшін…

0
0
608

Жаңа маусымның жаңалығы қандай?

Көзді ашып-жұмғанша сары күз де келіп жетті. Күз - телевизия мамандары үшін жаңа маусымның бастауы. Дәл осы күндері отандық телеэкрандардан жаңа тележобалар көрермендерге жол тартты. Жаңа маусымның жаңалықтары аз емес, әрине. Бүгін көзбен көріп, көкірекке түйген бірқатар жаңа жобалар туралы сөз қозғауды жөн санадық. Биылғы жыл Қазақ телевизиясына бірқатар тың жаңалықтар енгізді. Күні-түні ақпарат тарататын отандық «24kz» телеарнасы көрерменмен қауыш­ты. Ал бірқатар отандық телеарналар жаңа телемаусымға сый-сияпат да­йындап та үлгерді. Әрине, барлық жобаны төл өнім деп атауға болмас. Себебі бірқатар бағдарламалар шетелдік компаниялардан сатып алынған. Әйтсе де, отандық телеарналар биылғы маусымға қызу дайындалғаны анық байқалады. Ұлттық арнаның көзайым жобаларыЖүз пайыз қазақ тілінде хабар…

0
0
895

Бен Ладен қалай өлтірілді?

Бен Ладен қалай өлтірілді? 13.09.12. «Әлемдегі №1 лаңкес» деген лақап аты бар бен Ладен шын мәнінде, қалай қолға түсті? Оның жай-жапсары енді ғана айтыла бастағандай. АҚШ билігі басына ақша тіккен атақты бен Ладенді басында Ақ үйдегілер тірідей қолға түсіруді тапсырған. Бірақ анығында олай болмай шықты. Оны АҚШ теңіз жаяу қарулы күштерінің жасақтары атып өлтіргені белгілі. АҚШ сарбаздары бен Ладен тұрған үйге басып кірген сәтте ол қолын артына ұстап үй ортасында тұрған. «Артында қаруы бар» деп ойлаған АҚШ сарбаздары шабуылдап үйге кіріп келе жатқан тұста оны бірден атып жіберген. Бұл туралы барлық мән-жайды CBS телеарнасына отставкадағы офицер Мэтт Биссонетт мәлімдеген. Оның айтуына қарағанда, арнайы әскери жасақ, үйге кірген сәтте сарбаздардың бірі оған оқ жұмсап жіберген. Detroit Free P…

1
0
1003

Ел иесі де сөз иесі болғысы келеді

Ежелгі Қытайда поэзияға мемлекеттік маңыз берілген: императордың өзі ақындардың өлеңдерін сараптап отырыпты. Қытай императоры Цяньлун қайғылы өлең жазатын ақындарды өлім жазасына кескен. Ал сол кездегі қытайлық шенеуніктер билікте қалу үшін өз жандарынан өлең шығарудан емтихан тапсырыпты. Осылайша сол заманда билік басындағы адамдардың үйлесімге ұмтылысын, қол астындағы адамдардың жан дүниесіне үңіле білулерін тергеп-тексерген. Яғни, осы арқылы олардың ел басқару қабілетін байқап-білген.«Әдебиеті ұлы болмай, ел ешуақытта ұлы болмайды» деп кемеңгер Ғабаң - Ғабит Мүсірепов айтқандай, ежелгі қытайлық билеушілер өлеңі өркендемеген елде рухани өрлеу болмайтынын ертеден сезіп-білгендей. Тарихқа үңілсек, Рим императоры Августан бастап, талай айтулы әміршілер өлең жазумен айналысқан. Әмір Темірді…

0
0
1467

Тірексіз тілдер

«Тілдің аман қалуы немесе жоғалып кетуі, алты жасар баланың қолында. Алты жасар баланың тілді үйрену талабын тілді күнделікті қолдану қажеттілігі ғана тудырады» дейді америкалық профессор Дэвид Харрисон. Расында, ана тілін үйренуге алты жастағы балалар мүдделі болмаса, тіл тіршілігін тоқтатады. Сол тілмен бірге, дін, діл, дәстүр, білдей бір ұлт жоқ болмақшы. Осы мәселе тіл мамандарының алаңдаушылығын тудыруда. Әлем лингвистері бір сөзбен айтқанда, дүниежүзі бойынша дабыл қағып жатыр. Олардың бар әлемге жар салып, дабыл қағуы орынды көрінеді. Әлемдегі 7000-ға жуық тілдің тең жартысы жүз жылдың ішінде құмға сіңген судай жер бетінен жоқ болуы мүмкін. Ал әрбір екі апта сайын бір тіл тіршілігін тоқтатып отырады екен. Иә, әлем тілдерінің жағдайы мүшкіл. Жағдайы мүшкіл тілдердің қатарына сөйлейт…

0
0
2865

Күлеміз бе, қайтеміз?!

Чарли Чаплин марқұм көзінің тірісінде жұртты күлкіге қарық қылумен бірге, оның арғы жағында ащы ақиқаттар жататындығын да айтыпты. Теледидар арқылы да күлкілі жағдайларды насихаттаған актердің айтуынша, кейбір қасіреттердің өзі кісінің күлкісін келтіретін көрінеді. Кейде өзіміздің теріс тірліктеріміз де езу тарттырады екен. Тпіті күлкілі өлім де болатыны ақиқат. Енді солар туралы...Италияда тұратын жетпістегі Армандо Пинелли көршісімен жалғыз орындықпен пальма көлеңкесінде кім ұзақ отыратындығын ұзақ серттеседі. Ақыры жеңіс өз жағында екендігіне көз жеткізген тұста, үстіне ағаш құлапты. Нью-Йоркте бір азамат көлік астына түсіп қалады. Бірақ еш жарақат алмайды. Осы оқиғаға куә болған «ақылдылау» жүргінші оған «ауыр жарақат алдым» деген сылтаумен өтемақы талап етуіне кеңес береді. Ол келісе…

0
0
924

Әлемдегі ең жас әже

Әлемде қыздардың ерте тұрмысқа шығуы былай тұрсын, ерте босану оқиғалары да көбейіп барады. Айталық, Румынияда 23 жастағы бойжеткен әлемдегі ең жас әже атанды. Бұл жағынан ол Италияда тұратын 29 жастағы әйелден де озып, бұрынғы рекордты жаңартты.
23 жастағы сыған әйел Рифка Станеску өзінің 11 жасар қызынан немере сүйіпті. Рифка өзінің қызы Марияны 13 жасында босанған. Ол қызының өз тағдырын қайталамағанын тілейтіндігін айтып, оны мектепті бітіргеннен соң тууға көндіргісі келді. Алайда Ария анасының үмітін ақтамай, 11 жасында босанып қалыпты. Баланың әкесі одан бір жас үлкен. Нәрестеге Ион есімі берілді.
Өкінішке қарай бұл құбылыс талай елде жиі қайталанып жатыр. Дәрігерлер мен психологтар да ерте босанудың зияндылығы туралы қанша айтып жатқанымен, мұны ескеріп жатқандар шамалы көрінеді.

1
3
793

Ғаламның картасын жасаған кім?

Әлемде ғалымдарды тығырыққа тіреген құпия жеткілікті. Соның бірі -Уилфрид Войнич манускрипі. Картинадағы жазбалардың 500 жылдық тарихы бар. Оны 1912 жылы букинист Уилфрид Войнич тауып алған. Қайдан және қалай тапты, ол әлі белгісіз. Хатқа түсірілмеген. Тек ғалымдар картинадағы жазулардың кем дегенде бес ғасыр бұрын жазылған дегенді есептеп шығарған. Белгісіз таңбалар 170 000 белгіні құрайды. Ол 240 бетке жазылған. Войнич өле-өлгенше әлгі жазулардың құпиясын ашуға талпынды. Бірақ қолынан келмеді. Арманда көз жұмды. Одан кейін таңбалардың құпиясын ашуға әлемнің ең мықты деген криптографтары, математиктері, лингвистері, сондай-ақ жұмбақ таңбаларды оқитын әскерилер де араласты. Бірақ солардың бірде-бірі дым шығара алмады. Жазу әлі сақтаулы. Әзірге оның сырын ашуға ешкімнің құдіреті жетер емес…

1
0
14178