Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

500 миллион теңге қарыз

 
 
28.09.12.
Алматы қаласының тұрғындары суық су үшін жалпы есебі 500 миллион теңгедей берешек. Оның ішінде заңды тұлғалар мемлекетке 163 миллион теңге қарыз болса, бюджеттік мекемелер 26 миллион теңге қарыз. Өзгесін былай қойғанда, көппәтерлі үйдің тұрғындары да пайдаланған судың ақшасын төлемейді екен. Мәселен, шаһардағы көппәтерлі сектор тұрғындары 285 миллион теңге, ал жеке сектор тұрғындары 100 миллион теңге берешек. Осыған орай, «Бастау» және «Тоспа су» еншілес мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қарызын өтемеген борышкерлерді жазалау шарасын қолға алды.

Мекеме қызметкерлері борышкер­лердің қарызы туралы бірнеше ескертпе жіберіпті. Десек те, тұтынушылар ескер­тулерге құлақ аспайды екен. Бұдан былай берешек тұрғындар қызмет көрсетуден әп-сәтте қағылады. Қазіргі таңда, бо­рышкерлерді қатаң жазалаудың әдісі де пайда болған. Мәселен, өткен жылдан бері екі жедел қимылдайтын бригада бүкіл үйге зардабын тигізбей, тек борыш­кер пәтердің кәрізін арнайы құрылғымен бекітіп тастайды. Кәріз желісіне өздігімен қосылып, су ұрлайтын алаяқтық әре­кет­тер­дің жиілеп кетуі -қалалық су кана­лының бас ауыртар басты мәселесіне айналды. Соңғы төрт жылдың ішінде Алматы қаласы бойынша қалалық кәрізге қосылып, заңсыз су ұрлаған бес мың алаяқтық жағдай тіркелген.
«Бастау» және «Тоспа су» еншілес мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері қала бойынша қарызы бар тұлғаларды анықтау шарасын жүргізіп, қатаң жазалауды қолға алып отыр. Осы­лайша, қос мекеме судың да сұрауы бола­тынын қала тұрғындарының есіне са­лады.

Әйгерім БАҚЫТҚЫЗЫ


0
0
445

Осы тақырып бойынша

500 миллион теңге қарыз - Yvision.kz