Мазмұнға өту

Жаңа

Штабтың ашылуы

"Nur Otan" партиясы Мойынқұм аудандық филиалында сайлауалды штабтың ашылуы рәсімі болып өтті. Оған партия ардагерлері, аудандық партия филиалының партиялық тізімдегі кандидаттары, партияның сенімді өкілдері мен белсенділері қатысты. Салтанатты шараға "Nur Otan" партиясы Мойынқұм аудандық филиалында құрылған сайлауалды штабының төрағасы Исабеков Шахикерім Әміреқұлұлы қатысып, сөз алды. Салтанатты шара барысында партия ардагері, ауданның "Құрметті азаматы" Мұханбетқұл Сабыров, аудандық мәслихатқа кандидат Мұратхан Естаев, аудандық мәслихатқа кандидат Нұртас Саурықов, аудандық мәслихатқа кандидат Ақсана Қалыбаева сөз сөйледі. Салтанатты шара соңында штаб мүшелері естелікке суретке түсті.

0
0
182

Жастар - Отанға!

"Nur Otan" партиясының мәжіліс залында партия аудандық филиалының "Jas Otan" ЖК төрағасы "Жастар Отанға!" бағдарламасын түсіндіру бойынша зиялы қауым өкілдері, жастармен кездесу болып өтті.

0
0
171

Ардақты аналар! Құрметті қыз- келіншектер!

Көктемнің алғашқы қарлығашындай болып келетін 8 наурыз- халықаралық әйелдер күні мерекесінің орны ерекше, мәні бөлек.Өйткені, Ана - қоғамның тірегі. Отбасының шуағы. Тәрбиенің қайнар бұлағы. Татулық пен тыныштықтың – алтын діңгегі бола білген аяулы жан.Өмірдегі барлық ізгілік пен құт-береке Ана жүрегінен бастау алады.Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Кез келген мемлекеттің жеткен биігі, мәдениеті, оның әйелге деген көзқарасымен өлшенеді» – деп, әйел-азаматтың қоғамдағы орнын айрықша ашып көрсеткен болатын.Мемлекет басшысының әрбір Жолдауында Ана мен балаға деген қамқорлық назардан тыс қалған емес.Алтын құрсақ аналарымыздың жолын жалғастырып келе жатқан жас аналарға барлық мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде.Тәуелсіздік алған жылдары елімізде әйелдердің қоғамдағы белсенді позициясы қалыптасты.Бүгінде әй…

0
0
327

Тәуелсіздік тарихы

"Nur Otan" партиясының ұйымдастыруымен ауылдың проблемалық мәселелері бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған Айдарлы ауылының тұрғындарымен "Тәуелсіздік тарихы-табыстарымыздың тарихы" тақырыбында кездесу болып өтті.

0
0
153

«Халықаралық әйелдер күні»

5 наурыз күні Казталов аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Қуаныш Ермеков «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі қарсаңында Қараоба ауылындағы аз қамтылған отбасының шаңыраңында болып мерекелік сыйлық сыйлады. Отбасы мүшелерінің ризашылығына бөленген депутат партияның алдағы 5 жылға арналған бағдарламасының Жол картасымен таныстыра отырып, өз жоспарларымен де бөлісті. Сонымен қатар халық қалаулысы өзі бекітілген аймақтың мәселесі де назарда болатындығын айтты.

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
152

«Халықаралық әйелдер күні»

5 наурыз күні Казталов аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Рауан Есенғалиев, Гүлбарам Лұқпанова «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі қарсаңында Жалпақтал ауылының бірнеше аз қамтылған отбасылары мен көп балалы аналарына мерекелік сыйлықтар тарту етті. Депутаттар нәзік жандыларды мерекемен құттықтай отырып, жылы лебіздерін білдірді. Аналарымыздың мәселелерін де тыңдап, өздерінің жоспарларымен бөлісті.

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
112

«Халықаралық әйелдер күні»

5 наурыз күні «Халықаралық әйелдер күні» қарсаңында Казталов аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Асыл Кенжеғалиева Көктерек ауылының тұрғындары, зейнеткер аналарымызға мерекелік сыйлықтар тарту етті. Аналарымыз депутатқа ризашылығын білдіріп, ақ баталарын берді. Асыл Кенжеғалиева алдағы уақытта халықтың қалаулысы ретінде өз тарапынан бірқатар игі жобалардың жүзеге асатындығын тілге тиек ете отырып, партияның алдағы 5 жылға арналған жоспарларымен де бөлісті.

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
187